Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мүміндер әміріЕкі киелі қаланың қызметкері"},"Суреті":{"wt":"II. Mustafa.jpg"},"Атауы":{"wt":""},"Сурет ені":{"wt":""},"Елтаңба":{"wt":""},"Елтаңба атауы":{"wt"

II Мұстафа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

II Мұстафа
осман. مصطفى ثانى — Mustafâ-i sânî
Мүміндер әмірі
Екі киелі қаланың қызметкері
II Мұстафа
Лауазымы
Ту
Ту
Османлы мемлекетінің 22-ші сұлтаны
Ислам халифатының 87-ші халифі
6 ақпан 1695  22 тамыз 1703
(Лақап аты Жеңімпаз II Мұстафа)
Ізашары II Ахмет
Ізбасары III Ахмет
Өмірбаяны
Мамандығы Аңшы, қолбасшы
Діні Ислам
Дүниеге келуі 6 ақпан 1664 (1664-02-06)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы 29 желтоқсан 1703 (1703-12-29)(39 жас)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Жерленді Жаңа Уәлиде сұлтан мешіті, Ыстамбұл
Династия Османлы әулеті
Әкесі IV Мехмет
Анасы Әметуллаһ Рабиға Гүлнүш сұлтан
Жұбайы Әлиженап сұлтан
Шаһсуар сұлтан
Салиха Себкати сұлтан
Хүмашаһ сұлтан
Әфифе сұлтан
Иваз сұлтан
Бахтияр сұлтан
Қадиша сұлтан
Гүлнұр сұлтан
Махфируз Қадиша сұлтан
Хафиза сұлтан
Балалары Ұлдары:
I Махмұт
Мехмет шаһзада
Сәлім шаһзада
Мұрат шаһзада
Ахмет шаһзада
III Осман
Хасан шаһзада
Құсайын шаһзада
Ахмет шаһзада
Қыздары:
Әтике сұлтан
Үлкен Айша сұлтан
Әмина сұлтан
Сафие сұлтан
Үлкен Рүкие сұлтан
Қадиша сұлтан
Фатима сұлтан
Есма сұлтан
Кіші Рүкие сұлтан
Үммігүлсім сұлтан
Зейнеп сұлтан
Әметуллаһ сұлтан
Кіші Айша сұлтан
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
II Мұстафа Ортаққорда

II Мұстафа (осман. مصطفى ثانى — Mustafâ-i sânî; ақындық лақап аты — İkbâlî; 6 ақпан 1664 — 29 желтоқсан 1703) — Османлы мемлекетінің 22-ші сұлтаны, Ислам халифатының 87-ші халифі, аңшы, қолбасшы.

Өмірбаяны

II Мұстафа 1664 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны IV Мехмет шаңырағында дүниеге келді. Өзінің көкелері және ізашарлары II Сүлеймен мен II Ахметтен айырмашылығы — кафесте қамалмай, Эдирнеде емін-еркін өмір сүрді.

Көкесі II Ахмет қайтыс болған соң таққа отырды. Таққа отырған кейін Киелі Лигаға қарсы сәтсіз соғысты жеңуге әрекет етті. 1696 жылы Балқан жорығын өзі бастады. Сұлтан әскер аустриялық әскерден сан жағынан басым болғаннан кейбір жетістіктерге жетті. Алайда 1697 жылы садрағзам Алмас Мехмет паша бастағана османлы әскері ханзада Еуген фон Савойен бастаған габсбург әскерінен жеңілді. 1696 жылы орыс әскері Азауды алды.

1699 жылдың 26 қаңтарында Карловци бітім шарты жасалды. Бұл бітім шарт бойынша Венецияға Морея мен Далмация, Аустрияға Мажарстан мен Трансильвания, ал Польшаға Подолье өтті. Бұл оқиға елдің Әлсіреу дәуірінің бастамасы еді. 1700 жылдың 14 шілдесінде жасалған Константиние бітім шарты бойынша Ресейге Азов өтті.

Соғысты аяқтаған соң көбінесе Эдирнеде аңшылықпен айналысты. 1703 жылдың тамызында оған қарсы көтеріліс басталды. Көтерілісшілерге жаңа шеріктер де қосылды. Біріккен соң олар сұлтан тұрып жатқан Эдирнеге жорық жасады. Сұлтан ұланы көтерілісшілермен кездескенде солардың жағына өтті. Содан кейін II Мұстафа тақтан безді. Тақты інісі III Ахмет мұралады.

Ажалы

1703 жылдың 29 желтоқсанында II Мұстафа қайтыс болды. Мәйіті әжесі Тұрхан Қадиша сұлтан салған Жаңа Валиде сұлтан мешітінің жаңындағы мазарда жерленді.

Садрағзамдары

Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты
126 Сүрмелі Әли паша 6 ақпан 1695 — 22 сәуір 1695 2 ай
127 Алмас Мехмет паша 3 мамыр 1695 — 11 қыркүйек 1697 2 жыл
128 Көпрүлі Амжазада Қажы Құсайын паша 17 қыркүйек 1697 — 4 қыркүйек 1702 5 жыл
129 Далтабан Мұстафа паша 4 қыркүйек 1702 — 24 қаңтар 1703 5 ай
130 Рами Мехмет паша 25 қаңтар 1703 — 22 тамыз 1703 7 ай
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары
Ізашары
II Ахмет
II Мұстафа
6 ақпан 1695 — 22 тамыз 1703
Ізбасары
III Ахмет
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит ·
V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф)
Әулет · Шежіре · Санат
Жоғары