| Қоржынкөл | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 267 м |
| Өлшемі | 3,7 × 2,6 км |
| Ауданы | 6,7 км² |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 10 км |
| Су алабы | |
| Суды жинау ауданы | 800 км² |
| Орналасуы | |
| 51°38′23″ с. е. 73°20′45″ ш. б. / 51.63972° с. е. 73.34583° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°38′23″ с. е. 73°20′45″ ш. б. / 51.63972° с. е. 73.34583° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақмола облысы |
| Аудан | Ерейментау ауданы |
Қоржынкөл – Өлеңті алабындағы көл.
Географиялық орны
Ақмола облысы Ерейментау ауданының орта бөлігінде орналасқан.
Гидрографикасы
Теңіз деңгейінен 267 м биіктікте жатыр. Аумағы 6,7 км2 (кейбір жылдары аум. 5,9 км2-ге кемиді), су жиналатын алабы 800 км2, ұзындығы 3,7 км, енді жері 2,6 км, жағалау бойының ұзындығы 10 км. Оңтүстік жағалауы биік, қалған бөлігі көлбеу жазық келген. Көл түбі лайлы, жағалауын қамыс, құрақ басқан. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Көлге жылғалар құяды. Ең ірісі – Қарабұлақ. Суы тұщы, мал суаруға пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша көлдер
- Ерейментау ауданы көлдері
- Ертіс су алабы

