| Керіш түбегі қырымтат. Keriç yarımadası, укр. Керченський півострів | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 2700—3000 км² |
| Орналасуы | |
| 45°15′ с. е. 36°00′ ш. б. / 45.25° с. е. 36° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°15′ с. е. 36°00′ ш. б. / 45.25° с. е. 36° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Түбекті шаятын акваториялар | Керіш бұғазы, Қара теңіз, Азов теңізі |
| Елдер | |
| Аймақ | Қырым |

Керіш түбегі– Қырым түбегінің шығыс бөлігі. Солтүстігінденде Азов теңізімен, оңтүстігінде Қара т., шығысында Керчь бұғазымен шектеседі. Аумағы 3 мың км². Солт.-шығыс бөлігі төбелі (биікт. 190 м, Онук тауы) келеді. Жер қыртысы, негізінен, әктастан, саздан, құмтастан түзілген. Балшықты жанартаулар көп (Джау-Тепе табиғи геол. ескерткіші осы жерде орналасқан). Түбектің оңт.-батыс бөлігі жазық, негізінен, палеогендік саздан түзілген. Тұзды-көлтабанды көлдер көп (ірісі Узуплар к.). Климаты қоңыржай континенттік. Қаңтардың орташа температурасы 1,5С, шілдеде 23,5С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 500 мм-ге жуық. Шығыстан және солт.-шығыстан күшті жел соғады. Жері қара және қызыл қоңыр топырақты. Астық, тех. дақылдар, бақша және жүзімдіктер өсіріледі. Жер қойнауында темір кені бар. Қрі қаласы мен порты – Керчь қ.
- Алфавит бойынша түбектер
- Қырым түбектері