Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Байұлы тайпасының Алаша руынан Ол Соналы болысының (Ілбішін, Калмыков, Жымпиты уездері қараған) 30 жылдай аға сұлтаны болып бірнеше рет сайланған. Сарығожин 189

Сарығожин Мұхамеджан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Үлгі:Infobox

Сарығожин Мұхамеджан, Ақшолақ — шешен, аға сұлтан.

Өмірбаяны

Байұлы тайпасының Алаша руынан Ол Соналы болысының (Ілбішін, Калмыков, Жымпиты уездері қараған) 30 жылдай аға сұлтаны болып бірнеше рет сайланған. Сарығожин 1891 жылы Ресей патшасының болашақ мирасқоры Николай Романовты қонақ еткен. Ол хан тоғайына бірнеше ақ киіз үй тіктіріп, оның ішін ұлттық жиһаздармен безендіріп, дастарқан жайып, болашақ патшаға дәм татқызды, патша мирасқорына киіз үйдің біреуін сыйға тартты. Сарығожин 1894 жылы II-ші Николай патшаның таққа отыру рәсіміне қатысты.

Ресейдің соңғы патшасы, өзінің іскерлігімен, тапқырлығымен ұнаған Сарығожинге дворяндық әлеуетпен мәртебесі бірдей «Ресей империясының құрметті азаматы» атағын берген.

Сарығожин өз қаражатына Соналы болысында 50 орындық мектеп ашып, Орал реалдық әскер училищесінде оқитын қазақ балаларына жәрдемақы белгілеген.

Жоғары