

Ыбырайым Сүлейменов (1908, Сарысу ауданы, Ұйым ауылы – 15 қазан 1943, Ресей, Невель қаласы) – 2-дүниежүзілік соғыс қаһарманы.
Өмірбаяны
Орта жүз Тарақты руынан шыққан.
- Сарысу ауданының «Қызыл Күншығыс» кеңшарында еңбекке араласады.
- 1939 жылы Жамбыл ауданындағы Жамбыл МТС-нде тракторшы болып істейді.
- 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып мергендікке баулынады.
- Калинин майданының сапындағы алғашқы шайқастардың өзінде №470000 мергендік винтовкасымен 79 фашисті жер жастандырады.
- Великие Луки қаласы үшін болған шайқаста 60 жаудың көзін жояды.
1943 жылы күзінде Невель қаласы үшін болған кескілескен шайқаста Сүлейменов 102 фашисті өлтіріп, өзі де асқан ерлік көрсетіп қаза табады. Ержүрек жауынгердің денесі Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметовамен бірге Невель қаласының орталығына қойылған.
Марапаттары
- Ленин ордені
- Қызыл Жұлдыз ордені
- «Ерлігі үшін» медалі
Есте сақтау
Оның ерліктері жайлы 3-ші тегеурінді Армияның командирі болған генерал К.Н. Галицкийдің
- «1941 – 44 қаһарлы жылдар шежіресі»
- «Невель түбінде»
- «Автопортрет»,
Қ.Шәріповтің
- «Қатардағы қаһарман»
- «Қаруластар» атты кітаптарында
Б. Адамбаевтың
- «Ыбырайым батыр» атты поэмасында
академик С.Бәйішевтің
- тағы басқа естеліктерінде кеңінен баяндалады.
Есімімен аталады:
- Невель қаласында көше
- Сарысу ауданындағы Ұйым ауылында орта мектеп
- Тараз қаласындағы орталық көшелердің бір
Санаттар:
- 1908 жылы туғандар
- Сарысу ауданында туғандар
- 15 қазанда қайтыс болғандар
- 1943 жылы қайтыс болғандар
- Невельде қайтыс болғандар
- Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар
- Ленин орденінің иегерлері
- Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері
- Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО)
- Қазақстан Халық Қаһармандары