| Мыңшұңқыр жотасы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Пайда болған кезеңі | Палеозой |
| Ұзындығы | 45 км |
| Биіктігі | 2829 м |
| Орналасуы | |
| 44°57′03″ с. е. 78°54′06″ ш. б. / 44.95083° с. е. 78.90167° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°57′03″ с. е. 78°54′06″ ш. б. / 44.95083° с. е. 78.90167° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Мыңшұңқыр жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік-батысындағы шеткі жота.
Географиялық орны
Жетісу облысы Ескелді және Ақсу аудандандары жерінде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2829 м. Қора өзенінің оң жағалауын бойлай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 45 км-ге созылып жатыр.
Геологиялық құрылымы
Палеозойдың герцин тау жасалу кезеніңде пайда болған. Геологиялық құрамы жөнінен гнейстерден, кварцтер мен әктастардан тұрады, шығысқа қарай бұларға магнит араласады.
Климаты
Климаты қоныржай континенттік. Жауын-шашын мөлшері қыс айларында 150-200 мм, ал жаз айларында 300-400 мм. Жел қыста негізінен солтүсітік-шығыс, ал жазда солтүстік және оңтүстік бағытқа қарай соғады. Етегіндегі шөлдің сұр топырағы биіктеген сайын таудың қызғылт қоңыр, ал 2500 м-ден жоғары таудың орманды қара қоңыр топырағына ауысады.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Өсімдіктерден жусан, тянь-шаньдық шалғын, селеу аралас бетеге, 2000 м-ден жоғары қарағай мен самырсын өседі. Жануарлардан борсық, түлкі, сілеусін, қоян өмір сүреді.
- Алфавит бойынша тау жоталары
- Ақсу ауданы таулары
- Ескелді ауданы таулары
- Қазақстан жоталары
- Жетісу Алатауы

