| Кіші Боғда | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Биіктігі | 37,5 м |
| Орналасуы | |
| 48°27′51″ с. е. 47°04′01″ ш. б. / 48.46417° с. е. 47.06694° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°27′51″ с. е. 47°04′01″ ш. б. / 48.46417° с. е. 47.06694° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Кіші Боғда, Кіші Бөгде – Тұздықақ сорының оңтүстік-батысын ала орналасқан аласа оқшау қырат.
Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында, Шонай темір жол стансасынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде.
Жер бедері, геологиялық құрылымы
Абсолюттік биіктігі 37,5 м, шығысындағы Тұздықақ сорымен салыстырғандағы биіктігі 45 м. Кіші Боғда палеоген-неогеннің құмтас, әктас, балшық жыныстарынан түзілген. Карст құбылысының әсерінен пайда болған кішігірім үңгірлер мен ұңғыма тәрізді қуыстар жиі кездеседі. Топырағында жусан және сораң шөптер өседі.
- Алфавит бойынша қыраттар
- Бөкей ордасы ауданы таулары

