Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Манас ауданы (қыр. Манас району) — Қырғызстан Республикасындағы Талас облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. 1980 жылы 3 қазанда Киров (қазі

Манас ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аудан
Манас ауданы
Манас району
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Кіреді

Талас облысы

Әкімшілік орталығы

Покровка

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1980

Уақыт белдеуі

UTC+6

Тұрғындары
Тұрғыны

32 913  адам (2009)

Ұлттық құрамы

қырғыздар — 78,4 %,
күрдтер — 6,7 %,
қазақтар — 4,8 %,
орыстар — 3,3 %
өзбектер — 2,8 %
түріктер — 1,8 %

Ресми тілі

Қырғыз тілі

Манас ауданы картада

Манас ауданы (қыр. Манас району) — Қырғызстан Республикасындағы Талас облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. 1980 жылы 3 қазанда Киров (қазіргі Айтматов) ауданынан бөліну арқылы құрылды.

Талас облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде және батысында Қазақстанның Жамбыл облысымен, оңтүстікте Талас облысының Айтматов және Бақайата ауданымен, шығысында Талас ауданымен шектеседі.

Әкімшілік орталығы — Покровка ауылы.

Халқы

2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 32 913 аудан тұрғынының ішінен қырғыздар 25 801 адамды құрайды (78,4 %), күрдтер — 2204 адам (6,7 %), қазақтар — 1568 адам (4,8 %), орыстар — 1093 адам (3,3 %), өзбектер — 910 адам (2,8 %), түріктер — 589 адам (1,8 %).

Әкімшілік бөлінісі

Манас ауданының құрамына 5 айыл аймағы мен 22 айыл кіреді:

  • Қайыңды айыл аймағы: Арал (орталығы), Қайыңды, Нілді, Сарыбұлақ, Шөштөбе айылдары
  • Қырғызстан айыл аймағы: Талас (орталығы), Көктөбе, Манас айылдары
  • Май айыл аймағы: Майское (орталығы), Новодонецкое айылдары
  • Покровка айыл аймағы: Покровка (орталығы), Баласары, Жайылған, Қараарша, Сөгет айылдары
  • Үшқорған айыл аймағы: Қызылжұлдыз (орталығы), Ақтас, Жиде, Кеңес, Үлкенқақпа, Тасбасат, Үшқорған айылдары
Жоғары