| Statue of Liberty | |
![]() | |
| Орналасуы | Нью-Йорк |
|---|---|
| Жоба авторы | Гюстав Эйфель |
| Биіктігі | 93 метр |
| Ашылған кезі | 28 қазан 1886 |
| Сайт | |
| (ағылш.) Statue of Liberty* | |
|---|---|
| |
| Ел | |
| Түрі | мәдени |
| Критериялар | i, vi |
| Сілтеме | 426 |
| Аймақ** | Еуропа және Солтүстік Америка |
| Қосылуы | 1984 (8-сессия) |
| Картадағы Азаттық мүсіні | |
| * Атауы ағыл. ресми тізімінде ** ЮНЕСКО-ның классификациясы бойынша аймақ | |
Бостандық ескерткіші (ағылш. Statue of Liberty) — Солтүстік Америкадағы ағылшын иелігіндегі жерлердің азаттық күресіндегі Франциямен болған одақтастыққа ескерткіші ретінде Францияның АҚШ-қа тартқан сыйлығы.
Ескерткіш тарихы
Алып мүсінді жасау туралы ойды француз мүсіншісі Ф.А. Бартольди ұсынған. 1871 жылы Нью-Йоркке сапарында Бартольди кеме қалаға жақындаған кезде Белдоу аралындағы жұлдыз сипатты бекіністі көріп, болашақ мүсін ескі бекініс үстінде алау көтерген әйел бейнесі болады және ол «Әлемді сәулелендірген Азаттық» деп аталуға тиіс деген ойға келген.
Француздар мүсінді, ал америкалықтар оның тұғырын жасауға келісті. Мүсінді Бартольди жасады, металл қаңқасын Г. Эйфель құрастырды, бет-бейнесіне мүсіншінің анасы Шарлотта Бартольди үлгі болды. 1884—1886 жылдарда мүсін дайын болды. Ескерткіш 1886 жылы 28 қазанда Нью-Йорктегі Бедлоу аралында ашылды. Мүсіннің биіктігі 46.5 м, тұғыры 46.94 м, жалпы салмағы 225 т. Әйел мүсінінің басына 7 шабағы бар тәж кигізілген, оң қолына алау көтерген, сол қолында заңдар кітабы бар, ол кітапта АҚШ-тың тәуелсіздік күні жазылған. 1903 жылы мыс табақша жапсырылды, онда Э. Лазарустың дастанынан үзінді берілген. Тәждегі шабақтар 7 теңіз бен 7 құрлыққа жарқырап төгілген сәулені білдіреді. Мүсін әуелде боялмаған еді, кейін мыстың қышқылдануы нәтижесінде ол жасыл түске енді. Мүсін тұғырының ішінде АҚШ-қа иммигранттардың келу тарихы және осы ескерткіштің құрылысы туралы мәліметтер беретін мұражай бар. Мүсін азаттықтың белгісі ретінде ұлттық ескерткішке айналған.
- Уикипедия:Географиялық координаталар белгіленбеген Әлемдік мұраның ғимараттары
- Нью-Йорк ескерткіштері
- АҚШ мүсіндері
- АҚШ шамшырақтары
- АҚШ тарихы
- Нью-Йорк мұражайлары
- АҚШ дүниежүзілік мұрасы
- АҚШ ұлттық ескерткіштері
- Үлкен мүсіндер
- Неоклассицизм
