Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Антисептика. Науқастың органдары мен тканьдеріндегі микробтарға қарсы бағытталған, химиялық, механикалық, физикалық және биологиялық әдістер көмегімен жүргізіле

Антисептикалық заттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Антисептика. Науқастың органдары мен тканьдеріндегі микробтарға қарсы бағытталған, химиялық, механикалық, физикалық және биологиялық әдістер көмегімен жүргізілетін шаралар жүйесі ; хирургиялық құралдарды және түрлі жаралардағы микроағзалары құртуға бағытталған кешенді шаралар.

Антисептикалық заттар

  1. микробқа қарсы қолданылатын заттар (мыс., бор қышқылы, марганецті қышқыл калий, бриллиантты көк дәрі т.б. ерітінділер). Оларды теріге, кілегей қабыршаққа жағады не жарақаттарды жуады.
  2. Ағашты, пластмассаларды, тоқыма бұйымдарды, былғарыдан жасалатын заттарды, сондай-ақ азық-түлікті микроорганизмдердің бұзуынан қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар (мыс., фенолдар мен олардың туындылары, креозот, бензой қышқылы т.б.). Олар қорғалатын материалдарға сіңіріледі, бетіне жағылады немесе олардың құрамына қосылады.
Жоғары