Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Чернышев шығанағы – Арал теңізінің солтүстік-батысындағы шығанақ. Теңізден Құланды түбегі және және Возрождение аралы бөледі.

Чернышев шығанағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Чернышев шығанағы
Орналасуы
45°59′10″ с. е. 59°19′16″ ш. б. / 45.98611° с. е. 59.32111° ш. б. / 45.98611; 59.32111 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°59′10″ с. е. 59°19′16″ ш. б. / 45.98611° с. е. 59.32111° ш. б. / 45.98611; 59.32111 (G) (O) (Я) (T)
Өзінен жоғары акваторияСолтүстік Арал теңізі
Ел Қазақстан
АймақҚызылорда облысы
АуданАрал ауданы
Чернышев шығанағы
Чернышев шығанағы (Қызылорда облысы)
Чернышев шығанағы

Чернышев шығанағыАрал теңізінің солтүстік-батысындағы шығанақ. Теңізден Құланды түбегі және және Возрождение аралы бөледі.

Сипаты

Шығанақ құрлыққа 25 км-ге сұғына еніп жатыр; ені 13 км-ге жетеді. Солтүстік және батыс жағасы жарқабақты. Мұнда Батыс Үстірттің қиыр шығысы шығанақ бойымен созыла орналасқан. Палеогеннің тығыздалған құмды-саздақты шөгінділерінен түзілген. Жағалауының қалған бөлігі ойпатты. Шығанақтың жағалауға жақын жердегі түбі құмайтты, суы тереңдеген сайын қайыр біртіндеп лайлы балшыққа айналады. Кейбір тұстарында қамыс, құрақ өскен. Солтүстігінің құмдауытты жағалауын Құмсуат мүйісі алып жатыр. Арал теңізінің суы мол кезінде Возрождение аралы мен Құранды түбегі аралығының ені 80-85 км-дей болған. Қазір шығанақтың теңізге шығар бөлігінің ені 11 км.

Жоғары