| Виктор Эмброс | |
| ағылш. Victor R. Ambros | |
| |
| Туған күні | 1 желтоқсан 1953 (72 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Хановер, Графтон, Нью-Гэмпшир, АҚШ |
| Азаматтығы |
|
| Ғылыми аясы | генетик, университет оқытушысы, биолог, молекулалық биология |
| Жұмыс орны | Гарвард университеті |
| Ғылыми дәрежесі | Философия докторы |
| Альма-матер | Массачусетс технологиялық институты |
| Ғылыми жетекші | Дэвид Балтимор және Роберт Хорвиц |
| Несімен белгілі | МикроРНҚ ретінде белгілі |
| Марапаттары |
|
Виктор Эмброс (ағылш. Victor R. Ambros; 1 желтоқсан 1953, Ханновер, Нью-Гэмпшир) — американдық ғалым. Оның жұмысы негізінен молекулалық биология мен генетикаға бағытталған. Көптеген беделді марапаттардың иегері.
Өмірбаян
1953 жылы 1 желтоқсанда Нью-Гэмпшир штатында Ханноверде, Вильнюс орта мектебін бітіргеннен кейін бірнеше жыл нацистік Германияда мәжбүрлі жұмысшы болып жұмыс істеген, поляк текті жиһаз жасаушы Лонгин Богдан Эмбростың (1923—2014) және жазушы Мелисса Эмбростың (қыз кезіндегі аты Браун, 1917—2014) отбасында дүниеге келген. 1975 жылы бакалавр дәрежесін, ал 1979 жылы Массачусетс технологиялық институтында PhD дәрежесін алды. 1984 жылдан 1992 жылға дейін Гарвард университетінде және 1992 жылдан 2007 жылға дейін Дартмут колледжінде жұмыс істеді. Ол микроРНҚ зерттеушісі ретінде танымалдылыққа ие болды. Зерттеулерінің көп бөлігін Гари Равканмен бірге жүргізді.
Америка Құрама Штаттарының Ұлттық ғылым академиясының (2007) және Америка өнер және ғылым академиясының (2011) мүшесі.
2024 жылғы физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын Равканмен бірге жеңіп алды.
Марапаттар
- 2002 — Ньюкомб Кливленд сыйлығы
- 2004 — Розенстиль сыйлығы
- 2006 — Америка генетика қоғамының медалі
- 2008 — Халықаралық Гайрднер сыйлығы
- 2008 — Бенджамин Франклин медалі
- 2008 — Негізгі медициналық зерттеулер үшін Альберт Ласкер сыйлығы
- 2008 — Уоррен үшжылдық сыйлығы
- 2009 — Диксон сыйлығы
- 2009 — Луиза Гросс Хорвиц сыйлығы
- 2009 — Масри сыйлығы
- 2012 — Биомедициналық зерттеулер үшін Пол Янссен сыйлығы
- 2013 — Кэйо сыйлығы
- 2014 — Медицина саласындағы Вульф сыйлығы
- 2014 — Генетика бойынша Грубер сыйлығы
- 2015 — Медицина саласындағы серпінді сыйлық
- 2016 — Даму биологиясы бойынша Марш Димс сыйлығы
- 2024 — Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы
Сілтемелер
- Горовиц Э. Мутантсыз мұны түсіну мүмкін емес
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 1 желтоқсанда туғандар
- 1953 жылы туғандар
- Хановерде (Графтон) туғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ)
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- Медицина бойынша Вольф сыйлығының иегерлері
- Халықаралық Гайрднер сыйлығының иегерлері
- Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері мен корреспондент мүшелері
- АҚШ генетиктері
- Философия докторлары
- Массачусетс технологиялық институты түлектері
- Массачусетс технологиялық институты оқытушылары
