| Жұмат Досқараұлы | |
Жұбайымен бірге | |
| Туған күні | 1887 |
|---|---|
| Туған жері | Павлодар уезі, Семей облысы, Ресей империясы |
| Қайтыс болған күні | 6 шілде 1972 |
| Азаматтығы |
|
| Ғылыми аясы | диалектология |
| Ғылыми дәрежесі | Филология ғылымдарының кандидаты |
Жұмат Досқараұлы - (1887 — 6 шілде 1972) — кеңестік қазақ тіл білімінің маманы, диалектолог және ұстаз. Ол қазақ диалектологиясының дамуына зор үлес қосты, осы тақырыпқа арналған 50-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.
Өмірдерек
1887 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында өмірге келді. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.
1925 жылы Семей педагогикалық техникумын, ал 1937 жылы Самарқан мемлекеттік университетін бітірді.
Павлодар облысының оқу бөлімінде, Қарақалпақ АКСР-де педагогикалық институтта және Қазақ мемлекеттік университетінде қызмет атқарған.
1944 жылы «Оңтүстік диалектісінің ерекшеліктері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
1945-54 жылдары Жұмат Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл білімі иститутында қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы бөліміні меңгерушісі болды.
1954-65 жылдары аға ғылыми қызметкер болды.
Үлесі
Досқараұлы Қазақстанның барлық аудандарына диалектологиялық экспедиция ұйымдастырып, бағалы материал жинады. Жұмат — қазақ тіл білімі диалектологиясы, семасиологиясы, кәсіби сөздер, тіл тарихы жайлы көптеген ғылыми еңбектерінің авторы. Досқараұлының бастауыш мектептің 2 сыныбына аралға «Ана тілі» оқулығы 1947 жылда 1958 жылға дейін 12 рет басылып шықты.
Әдебиет
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері, 2-бөл., А.,1955
- Қазақ тілі тарихы мен Диалектологиясының мәселелері, А., 1963
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 1887 жылы туғандар
- 6 шілдеде қайтыс болғандар
- 1972 жылы қайтыс болғандар
- Педагогтар
- Тілтанушылар
