Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қосымжан Бабақов (1891-1956) - қазіргі Ақмола облысы Қорғалжын ауданында туған – қазақ әншісі (тенор), халық композиторы. Ғазиз Файзолланың шәкірті.

Қосымжан Бабақов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қосымжан Бабақов (1891-1956) - қазіргі Ақмола облысы Қорғалжын ауданында туған – қазақ әншісі (тенор), халық композиторы. Ғазиз Файзолланың шәкірті.

Өмірбаяны

Қосымжан Бабақов музыкант отбасында өскен: әкесі домбырашы және әнші, ал анасы әнші және ақын болған. 1930 жылдан Қарағанды ​​облыстық радио комитеті хорының жетекші солисті. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1937-1943 жылдары Қазақ филармониясының солисті. Біржан, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз Файзолла, Үкілі Ыбырайдың әндерін орындады. 20-ға жуық ән жазды. Қосымжан Бабақовтың әндерін Р.Есімжанова, М.Көшкімбаев, Ж.Қартабаева, т.б. орындаған.

Өз жанынан «Темірші», «Завод», «Машина», «Отан үшін», «Жүр жолдастар майданға» т. б. әндерін шығарды.Әуезов Бабақовтың өзіндік дауысы мен орындау мәнерін ерекше ұнатып, жылы пікірлер білдірген. Біржан салдың әндерін Бабақовқа айтқызып, содан алған әсері бойынша «Абай жолы» романында әншіні суреттеген. Әншінің нотаға түсірткен әндері «Абай» операсында кеңінен пайдаланылды.

Жоғары