Альпілік таулар — Альпі типтес таулар, яғни Альпі немесе Альпіге ұқсас басқа биік таулар рельефі. Бұл үнемі қар мен мұздықтар басып жататын биік шыңды таулар, олар өзінің географиялық құрылысы жағынан тастақ болып келеді және Альпі қатпарлығы дәуірінде пайда болған таулардың қатарына жатады. Мысалы, Альпі, Апеннин, Қарпат, Қырым, Кавказ, Көпетдаг, Памир, Гималай т. б. таулар.
Санаттар:
- География
- Таулар