Ескі Жекебақ (өзб. Eski yakkabogʻ/Эски яккабоғ) — Өзбекстанның Қашқадария облысы Жекебақ ауданында орналасқан қала типтес елді мекен.
Қала типтес елді мекен мәртебесі 1989 жылы берілген. 2004 жылғы халық санағы бойынша елді мекенде 10 800 адам болған. Қалада жалпы білім беретін мектеп, кәсіптік лицей, автомобиль зауыты, құрылыс және өндірістік нысандар, шағын кәсіпорындар мен фирмалар, сауда орындары, мәдениет ошақтары, қызмет көрсету орталықтары бар. Сондай-ақ кітапхана, мәдениет мекемелері, медициналық пункт, дәріхана және байланыс бөлімі бар.
Санат:
- Қашқадария облысы елді мекендері