| Ащыөзек өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 258 км |
| Су алабының ауданы | 7150 км² |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Жәнібек ауданындағы Байдуков ауылының оңтүстік-шығысы |
| • Координаттары | 49°57′29″ с. е. 47°32′29″ ш. б. / 49.95806° с. е. 47.54139° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Жалпақсор көлі |
| • Орналасқан жері | Аралсор ауылының маңы |
| • Координаттары | 49°10′44″ с. е. 48°08′38″ ш. б. / 49.17889° с. е. 48.14389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°10′44″ с. е. 48°08′38″ ш. б. / 49.17889° с. е. 48.14389° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Батыс Қазақстан облысы Жәнібек және Казталов аудандары |
Ащыөзек – Еділ мен Жайық аралығындағы өзен.
Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек және Казталов аудандары жерінде. Ұзындығы 258 км, су жиналатын алабының аумағы 7150 км2.
Бастауы
Жәнібек ауданындағы Байдуков ауылының оңтүстік-шығысына қарай 3,5 км жерден басталып, Казталов ауданындағы Аралсор ауылының маңындағы Жалпақсор көліне құяды.
Гидрологиясы
7 саласы бар. Алабында жалпы су көлемі 0,67 млн/м3 болатын шағын тоғандар салынған. Басты салалары Шерімбетсай, Берішарал. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 2,04 м3/с. Аңғары айқын емес, жайпақ беткейлі. Өзен қайраңдармен кезектесіп отыратын иірім (қарасу) тізбегінен тұрады. Қар суымен толығады. Қараша – сәуір айлары аралығында қатып жатады. Суы жайылмадағы шабындықты көлдетіп суғаруға пайдаланылады.
- Алфавит бойынша өзендер
- Еділ су алабы өңірі өзендері
- Жайық су алабы өңірі өзендері
- Жәнібек ауданы өзендері
- Казталов ауданы өзендері