Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Чендлер Кентербери (ағылш. Chandler Canterbury; 15 желтоқсан 1998, Хьюстон, Техас) — америкалық актёр.

Чендлер Кентербери

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Чендлер Кентербери
Chandler Canterbury
Сурет
Кентербери, 2009 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған күні

15 желтоқсан 1998 (1998-12-15)(27 жас)

Туған жері

Хьюстон, Техас, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актёр

Белсенді жылдары

2007–2014

Марапаттары

Жас Әртіс Марапаты (2008)

IMDb

ID 2425105

Ортаққордағы Чендлер Кентербери

Чендлер Кентербери (ағылш. Chandler Canterbury; 15 желтоқсан 1998, Хьюстон, Техас) — америкалық актёр.

Өмірбаяны

Кентерберри 1998 жылғы 15 желтоқсанда Техастағы Хьюстон қаласында, Кристина және Рассел Кентерберилардың отбасында дүниеге келді. Оның Колби есімді үлкен ағасы бар, ол да актёр, және оның кіші қарындасы бар, актриса.

Мансабы

Ол өзінің алғашқы рөлін 2007 жылы «Қылмыстық ойлар» телесериалында ойнады. Осы рөлі үшін 2008 жылы «Жас Әртіс» марапатын жеңіп алды.

Ол сондай-ақ 2008 жылы «Бенджамин Баттонның Жұмбақ Оқиғасы» фильмінде басты рөлдегі кейіпкердің сегіз жасар кезін ойнады.

Ол «Summit Entertainment»-тың 2009 жылғы «Білу» триллер фильмінде басты рөлдегі Калеб кейіпкерін ойнады. Осы жылы «Гари, теннис жаттықтырушысы» фильміне түсті.

2010 жылы Кристина Риччимен және Лиам Нисонмен бірге «Өмірден кейін» психологиялық триллер фильмінде түсті. Қосымша рөлдері ретінде 2009 жылғы «Көк ұнтақ», 2010 жылғы «Репо ерлер» фильмдеріне түсті. 2011 жылы «Шегі» 8 жастағы Питер Бишоп ретінде пайда болды.

2013 жылы Сирша Ронанмен бірге «Қонақ» фильмінде түсті және «Көтерілу» фильмінде басты рөлді ойнады.

Фильмографиясы

Кентерберри фильмдерінің толық емес тізімі:

Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Рөлі Ескертпе
2007Қылмыстық ойларCriminal MindsДэвид СмитТелевизия сериалы ("In Name and Blood" эпизоды)
2008Бенджамин Баттонның Жұмбақ ОқиғасыThe Curious Case of Benjamin ButtonБенджамин Баттон - 8 жас
2009Гари, теннис жаттықтырушысыBalls Out: Gary the Tennis CoachЖас Гари
КөріпкелдікKnowingКалеб Кестлер
Көк ұнтақPowder BlueБилли
Өмірден кейінAfter.LifeДжек
2010Репо ерлер Repo MenПитер
R.L. Stine's The Haunting HourТисТелевизия сериалы ("My Robot" эпизоды)
2011ШегіFringeЖас Питер БишопТелевизия сериалы ("Subject 13" эпизоды)
Балғалар сөмкесіA Bag of HammersКелси
2012Кішкентай Қызыл АрбаLittle Red WagonЗак БоннерБасты рөл, сондай-ақ продюсер
2013КөтерілуStanding UpХоуиБасты рөл
Періштелер әніAngels SingДэвид Уолкер
ҚонақThe HostДжейми Страйдер
2014 Қаракөзді итBlack Eyed DogМалик

Марапаттар мен номинациялар

МарапатЖылСанатНәтижеЖұмыс
Жас Әртіс2008Телесериалдағы үздік қойылым - Қонақ ретінде басты рөлдегі жас актерЖеңдіҚылмыстық ойлар
2010Көркем фильмдегі үздік қойылым - Қолдаушы жас актерНоминацияБілу
2011Көркем фильмдегі үздік қойылым - Қолдаушы он жасқа дейінгі жас актерӨмірден кейін
2012Телевизия шоуындағы үздік қойылым - Қонақ ретінде басты рөлдегі жас актер 11-13Шегі
2013Көркем фильмдегі үздік қойылым - Он жасқа дейінгі жас актерБалғалар сөмкесі
2014Көркем фильмдегі үздік қойылым - Жетекші жас актерНоминацияКөтерілу

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Chandler Canterbury
Жоғары