| Эдуард Тейтем | |
| ағылш. Edward Lawrie Tatum | |
| Туған күні | 14 желтоқсан 1909 |
|---|---|
| Туған жері | Боулдер, Колорадо, АҚШ |
| Қайтыс болған күні | 5 қараша 1975 (65 жас) |
| Қайтыс болған жері | Нью-Йорк, АҚШ |
| Азаматтығы | АҚШ |
| Ғылыми аясы | биохимия, генетика |
| Марапаттары |
|
Эдуард Тейтем, (ағылш. Edward Lawrie Tatum; 14 желтоқсан 1909, Боулдер, Колорадо — 5 қараша 1975, Нью-Йорк) — америкалық биохимик және генетик, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1952).
Өмірбаяны
Тейтем, Боулдер, Колорадо, АҚШ-та туған. Чикаго университетінде тәлім алды және биохимия докторлығын Висконсин-Мэдисон университетінде 1934 жылы алды. 1937 жылы Стэнфорд университетінде жұмыс істей бастады және осы кезде Бидлді жолықтырды. 1945 жылы Йель университетіне ауысты. 1948 жылы Стэнфорд қайтып оралды және кейінірек 1957 жылы Рокфеллер институтынде кірді.
Негізгі жұмыстары
1941 жылы (Дж.Бидлмен), нейроспора саңырауқұлағының гендік мутациясы штамммен өсу үшін кез келген қажетті аминқышқылдарды, витаминдерді немесе басқа өсу факторын (ауксотрофты мутант) синтездеу қабілетінің жоғалуына әкелетінін тапты, ал 1945 жылы бұл сипатты бактериялардан тапты. Бактериялардың рекомбинация генетикалық құбылысын тапты (Дж.Ледербергпен бірге, 1947) . Дж.Бидлмен бірге, биохимиялық генетика негізі болып табылатын «бір ген — бір фермент» тұжырымдамасын ұсынған.
Нобель жүлдесі
Нобель жүлдесі (Дж. Бидл және Дж.Ледербергпен бірге, 1958).
Шығармалары
- Genetic control of biochemical reactions in Neurospora (совм. с G. \V. Beadle), «Proc. National Academy of Sciences», 1941, v. 27; в рус. пер.: История одного биологического исследования, в кн.: Гершкович И., Генетика, М., 1968.
Сілтемелер
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 14 желтоқсанда туғандар
- 1909 жылы туғандар
- 5 қарашада қайтыс болғандар
- 1975 жылы қайтыс болғандар
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- XX ғасыр биологтары
- АҚШ генетиктері
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері
- Йель университеті оқытушылары