Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Адам Рисс (ағылш. Adam Riess; 16 желтоқсан 1969, Вашингтон) — американдық астрофизик және Саул Перлмуттер мен Брайан Шмидтпен бірге «алыстағы суперноваларды бақ

Адам Рисс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Адам Рисс
ағылш. Adam Guy Riess
Туған күні

16 желтоқсан 1969 (1969-12-16)(56 жас)

Туған жері

Вашингтон (Колумбия округы), АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Ғылыми аясы

астрофизика

Жұмыс орны

Джонс Хопкинс университеті

Альма-матер

Массачусетс технологиялық институты
Гарвард университеті

Ғылыми жетекші

Роберт Киршнер
Уильям Генри Пресс

Марапаттары


Астрономия бойынша Шао сыйлығы (2006)
Нобель сыйлығы — 2011Физика саласындағы Нобель сыйлығы (2011)

Адам Рисс (ағылш. Adam Riess; 16 желтоқсан 1969, Вашингтон) — американдық астрофизик және Саул Перлмуттер мен Брайан Шмидтпен бірге «алыстағы суперноваларды бақылау арқылы Әлемнің жеделдетілген кеңеюін ашқаны үшін» 2011 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының иегері.

Өмірбаяны

Адам Гай Рисс 1969 жылы желтоқсанда Вашингтонда, Колумбия округінде, еврей отбасында үш баланың кенжесі болып дүниеге келген. Әкесі — Майкл Рисс (1931–2007), теңіз инженері және Bistro International мұздатылған азық-түлік тарату компаниясының иесі, 1936 жылы ата-анасымен бірге Германиядан «Европа» желкенді кемесімен қоныс аударған. Анасы — Дорис Рисс психолог болған. Рисстің әкесі жағынан атасы — журналист, соғыс тілшісі және жазушы Курт Рисс (1902—1990) болған.

Ол Уоррен (Нью-Джерси штаты) қаласында өсті 1992 жылы Массачусетс технологиялық институтын бітіріп, Phi Delta Theta студенттік қауымдастығының мүшесі болды 1996 жылы Гарвард университетінде PhD дәрежесін алды. Роберт Киршнердің жетекшілігімен жазылған диссертациясы Ia типті супернова туралы болды. 1999 жылы Ғарыштық телескоп ғылым институтына келгенге дейін Рисс Берклидегі Калифорния университетінің Миллер институтында ғылыми қызметкер болды. 1998 жылдан бастап Адам Рисс және Брайан Шмидтпен бірге Ia типті супернова іздеу бағдарламаларының негізгі зерттеушілерінің бірі болды. Сол жылы оның тобы Перлмуттер бастаған топпен бірге Ғаламның жеделдетілген кеңеюін көрсете алды. Бұл жаңалық Science журналында «жылдың серпілісі» деп аталды. 2005 жылдан бастап ол Джонс Хопкинс университетінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, ол алыстағы суперноваларды анықтау бойынша Хаббл ғарыштық телескопының бағдарламасын басқарады. Оның командасы Әлемнің кеңеюін 10 миллиард жыл бұрынға дейін сәтті бақылады.

2009 жылдан бастап Рисс АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі.

Марапаттар

  • 1999 — Роберт Трамплер сыйлығы
  • 2001 — Гарвард университетінің Бок сыйлығы
  • 2002 — Хелена Уорнер сыйлығы
  • 2004 — Саклер сыйлығы
  • 2006 — Перлмуттер мен Шмидтпен бірлесіп астрономия саласындағы Шао сыйлығы
  • 2008 — Макартур Грант
  • 2011 — Альберт Эйнштейн медалі
  • 2011 — Перлмуттер және Шмидтпен бірлесіп физика бойынша Нобель сыйлығы
  • 2015 — Фундаменталды физика бойынша сыйлық
Жоғары