
Жанатай батыр (1723-1819) – қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған XVIII ғасыр батырлардың бірі, Бөгенбай батыр Ақшаұлының (1680-1775) серігі. Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан.
Айыртау ауданында дүниеге келген. XVIII ғасырдың 20-жылдары жоңғарлармен болған шайқаста көзге түскен. Жанатай есімі халықтың ауыз әңгімелерінде, аңыздарында кездеседі. Ол туралы Ш. Уәлиханов «XVIII-ғасырдағы батырлар жайлы тарихи деректер» мақаласында айтқан. Есіл ауданының Жанатай (қазіргі Өрнек) ауданында жерленген.
Кесенесі
Ескерткіш Саумалкөл ауылынан оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай 3,8 км, Саумалкөл ауылынан Арықбалық ауылынан өтетін жолдан батысқа қарай 360 м жерде орналасқан. Ескерткішті 2023 жылы Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының Солтүстік Қазақстан кешенді археологиялық-этнографиялық экспедициясының барлау жасағы зерттеді.
Кесене жазықта орналасқан. Мұнда бұрын қазақ зираттары болған, қазір бұл жер жыртылып кеткен. Қазіргі ескерткіш 2022 жылы салынған.
- Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Қазақ батырлары
- Солтүстік Қазақстан облысы сәулеті