Азат Әйел— тәуелсіз саяси газет. Құрылтайшысы — Қазақстанның азаматтық “Азат” қозғалысы.
Қазақстан Компартиясы ОК-нің жанындағы әйелдер бөлімі 1925 ж. 8 наурызда шығарған. Онда А. Оразбайқызының, Н. Арыққызының, Ш. Иманбайқызының мақалалары мен өлеңдері басылды. Қазақ әйелдеріне арналған осы тұңғыш, бір күндік газеттің жарық көруі үлкен тарихи оқиға болды. 1925 ж. 5 мамыр күні осы басылымның негізінде "Теңдік" газеті шығарыла бастады.
1990 жылы қазаннан 1993 жылы қыркүйекке дейін айына екі рет шығып тұрған. Қазақша — 56, орысша 7 саны жарық көрді. Қазақстанның егемен ел болуы,орыс отаршылдығының зардабын жою, тәуелсіз демократиялық мемлекет құру мәселелерін көтерді.
- Қазақстан газеттері
- Қазақ тілді газеттер
- Орыс тілді газеттер
- 1990 жылдан шыға бастаған газеттер
- 1993 жылы жойылғандар