Майкл Хаутон (ағылш. Michael Houghton; 1949) — британдық ғалым. 1977 жылы Лондондағы Корольдік колледжде PhD дәрежесін алды. Куай-Лим Чу, Джордж Куо және Дэниел Брэдлимен бірге ол 1989 жылы С гепатитін ашты. Ол сондай-ақ 1986 жылы D гепатитінің геномын бірлесіп ашты. Хаутон қазіргі уақытта Альберта университетінде вирусология кафедрасының меңгерушісі және вирусология профессоры, сонымен қатар Ли Ка Шин қолданбалы вирусология институтының директоры.Харви Дж. Альтер және Чарльз Райспен бірге С гепатиті вирусын ашқаны үшін 2020 жылғы физиология немесе медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Өмірбаян
1949 жылы Ұлыбританияда дүниеге келген және 17 жасында Луи Пастердің өмірі туралы кітап оқығаннан кейін микробиолог болуды шешкен. 1972 жылы Шығыс Англия университетін биология ғылымдары мамандығы бойынша бітіріп, 1977 жылы Лондондағы Корольдік колледжде биохимия бойынша PhD дәрежесін алды .
Ғылыми жұмыс
Хаутон өзінің мансабын G.D. Searle & Company фармацевтикалық компаниясында (қазіргі уақытта Pfizer компаниясының еншілес компаниясы) бастады, ал 1982 жылы Chiron Corporation биотехнологиялық компаниясына ауысты. Chiron Corp. компаниясында жұмыс істеп жүргенде, Хаутон компаниядағы әріптестері — Куи-Лим-Чу (Qui-Lim Choo), Джорж Куо (George Kuo) және АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының өкілі — Дэниел Брэдлимен бірге алғаш рет С гепатиті вирусын бөліп алды.
1989— 1990 жылдары ол қандағы С гепатиті вирусына антиденелерді, әсіресе С гепатитінің жоғары қаупі бар науқастарда, соның ішінде қан құюды қабылдайтындарда анықтаған басылымдардың бірлескен авторы болды. Бұл жұмыс 1990 жылы антиденелердің бар-жоғын анықтау үшін қан анализін жасауға әкелді. 1992 жылға қарай бұл тестті кеңінен қолдану, сезімталдығы жоғары тестті әзірлеумен қатар, Канадада донор қанының С гепатитімен ластануын іс жүзінде жойды. Осы уақыт аралығындағы басқа жұмыстарда Хаутон және оның әріптестері С гепатиті мен бауыр обыры арасындағы байланысты көрсетті.
2013 жылы Альберта университетіндегі Хаутон зертханасы гепатит С вирусының бір штаммына қарсы вакцина басқа барлық генотиптерге қарсы тиімді болуы мүмкін екенін көрсетті.
Сілтемелер
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 1949 жылы туғандар
- Лондонда туғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Нобель сыйлығының иегерлері (Ұлыбритания)
- Лондон университеті түлектері
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- Халықаралық Гайрднер сыйлығының иегерлері
- 1950 жж. туғандар
- Ұлыбритания микробиологтары
