Асан Әбдірұлы (1937 жылы туған, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылы – 2006, Ақтау қаласы) — журналист, Журналистер одағының мүшесі.
- Қырық жылдан астам журналистік қызметінің отыз бес жылын аудандық «Жаңа өмір» газетінде қатардағы тілшіден газет редакторлығына дейін өскен. Ел тарихына қатысты шежіре-аңыздарды, деректерді жинақтап, жариялаумен айналысып жүрген өлкетанушы.
- «Маңғыстау мұралары», «Алтын тамыр аталар», «Сөз кестесінің зерен зергері» кітаптарының авторы.
- «Бекет ата», «Кіші жүз шежіресі», «Маңғыстау малшылары», «Өскен орда» жинақ кітаптарына мақалалары енген.
- «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған (1970).
Шежіре
Адай Батыр – Келімберді – Тобыш – Ораз – Жайық – Әлмәмбет – Зорбай – Жаңай – Әлі – Алдаберген – Иманқұл – Кенжебай – Әбдір – Асан