| Шона Смаханұлы | |
| |
| Туған күні | 5 қазан 1924 |
|---|---|
| Туған жері | Ойық, Талас ауданы, Жамбыл облысы |
| Қайтыс болған күні | 1988 |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Алматы облысы |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | Қазақ |
| Қызметі | ақын, сықақшы, редактор, жазушы, мұғалім |
| Марапаттары мен сыйлықтары | Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және медальдармен марапатталған |
Шона Смаханұлы (5 қазан 1924 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық савхозы – 1988 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, сықақшы. Ысты руынан шыққан.
Өмірбаяны
- 1956 жылы Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірді.
- 1942 – 1943 жылы әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты.
- 1943 – 1957 жылы педагогикалық қызмет атқарды.
- 1957 – 1958 жылы "Мектеп" баспасында редактор
- 1958 – 1963 жылы "Қазақстан мұғалімі" газетінде бөлім меңгерушісі
- 1964 – 1968 жылы "Ара" журналында фельетонист болды.
- 1973 жылдан "Жазушы" баспасы поэзия редакциясының редакторы.
Шығармалары
Шона Смаханұлы әдеби шығармашылықпен 1950 жылдан шұғылдана бастады.
- "Тотияйын" атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді.
- "Шимайбек пен Шыңқетпе" (1960)
- "Қу түлкінің сыбағасы" (1961)
- "Көріп жүр ғой көздері" (1965)
- "Ұры тіс" (1967)
- "Ұр, тоқпағым, ұр" (1970)
- "Айға ұшамын" (1971)
- "Жүз шымшыма, қырық қышыма" (1973)
- "Кездік" (1976) т. б. кітаптары шықты.
- "Купорос" атты жинағы орыс тілінде 1968 жылы Москвада басылды.
- "Қоңыраулы шеңгел" атты шығармаларының жинағы 1974 жылы жарық көрді.
Санаттар:
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 5 қазанда туғандар
- 1924 жылы туғандар
- Талас ауданында туғандар
- 1988 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан ақындары
- Қазақстан журналистері
- Қазақстан сықақшылары
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары
