| Карл Риттер | |
| нем. Karl Ritter | |
| |
| Туған күні | 7 тамыз 1779 |
|---|---|
| Туған жері | Кведлинбург |
| Қайтыс болған күні | 28 қыркүйек 1859 (80 жас) |
| Қайтыс болған жері | Берлин |
| Азаматтығы |
|
| Ғылыми аясы | география |
| Жұмыс орны | Берлин университеті |
Карл Риттер (нем. Karl Ritter; 7 тамыз 1779, Кведлинбург — 28 қыркүйек 1859, Берлин) — неміс географы, география ғылымының негізін салушылардың бірі.
1779 жылы Германияның Кведлинбург (Саксония) қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген. Екі жасқа келгенде әкесі Ф. В. Риттер қайтыс болған. 1798—1814 жылдары Швейцарияға, Францияға және Италияға бірнеше мәрте саяхат жасады.
1820 жылдан қайтыс болғанға дейін Берлин университетінің география кафедрасымен басқарды. 1835 жылдан Санкт-Петербург академиясының мәртебелі мүшесі. «Жертанудың табиғат және адамзат тарихындағы қатынастары» (нем. Die Erdkunde im Verhältniss zur Natur und zur Geschichte des Menschen) атты іргелі еңбегінің авторы. Ресей географиясын зерттеуге көп көңіл бөлді. Саян, Байкал таулары және Байкал көлі туралы жаңадан тың мақалалар жазды.
XIX ғасыр мен XX-ғасырдың басында географияның дамуына Риттердің идеяларының зор маңызы болды. Риттердің құрметіне аталған Наньшаньда (Қытай) тау жотасы бар.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 7 тамызда туғандар
- 1779 жылы туғандар
- 28 қыркүйекте қайтыс болғандар
- 1859 жылы қайтыс болғандар
- Германия географтары
