Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Абылай жолы (Хан жолы) - Талас және Шу бойын мекен еткен қазақтардың Бетпақдала арқылы жаз жайлауға көшетін жолы. Ертеректе керуен жолы болған. Шығыстанушы Барт

Абылай жолы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Абылай жолы (Хан жолы) - Талас және Шу бойын мекен еткен қазақтардың Бетпақдала арқылы жаз жайлауға көшетін жолы. Ертеректе керуен жолы болған. Шығыстанушы Бартольд Василий Владимирович араб және парсы деректеріне сүйене отырып, Ертістің солтүстігіндегі Қимақ даласына баратын екі жолды көрсеткен: бірі - Сырдарияның төменгі жағалауларынан басталса, екінші жол - Талас өңірінен бастау алады. «Бұл жолдармен ертеде және орта ғасырда Талас пен Шу аймағын Ертіс өңірімен, Батыс Сібір өлкелерімен жалғастырып жатқан сауда керуендері жүрген» деп жазды В.В. Бартольд. Мұндағы екінші жол бойымен тарихи сын кезеңде Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының басын қосу мақсатында қолдарын бастап хан Абылай жүріп өткен кезден бастап, ел арасында «Хан жолы» немесе «Абылай жолы» деп аталған.

Абылай жолының жүру бағыты төмендегідей: Арқа өңірі - Мамай көлі - Итемген көлі - Моншақты таулары - Ертіс өзені - Ақмола - Майбалық көлі - Нұра өзені - Құлан өлмес - Алқалық таулары - Ескеней таулары - Сары су өзені - Манақ өзені - Ақтас Егінбұлақ құдығы - Төлеген құдығы - Дубашы сор - Бұлан таулары - Қатын су құдығы - Бөртке тіккен құдығы - Ажар құдығы - Тасжарған құдығы - Байғара таулары - Бетпақдала Құрманның құмдары - Шу өзені - Талас өзені - Алатау Хантау (Мұндағы Хантау атауын 1753 жылы хан Абылайдың ат басын тіреуімен байланыстырады).

Бұл бағыт кейін Шу бойындағы қазақтардың Арқаға қарай бойлық (меридиан) бойлап жайлауға шығатын, қысқа қарай қайта айналып құмға, Жетісуға қарай ойысатын көш жолына айналды. Бұл жол XX ғ.-дың бас кезіне дейін маңызы артып, кең қолданыста болған. Бұл жолдардың оңтүстік өлкедегі жұрттарды Ертіс бойымен, Батыс Сібір аймағымен байланыстыруда маңызы өте зор болды.

Жоғары