Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Авсюк – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Көкжалбас сілемінің шығысы мен Сарқант сілемінің батысы аралығында орналасқан мұздық

Авсюк мұздығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Авсюк мұздығы
Сипаттамасы
ТүріТау аңғарлық мұздық
Ауданы5 км²
Ұзындығы4,7 км
Қалыңдығы70 м
Орналасуы
45°07′12″ с. е. 80°37′48″ ш. б. / 45.12000° с. е. 80.63000° ш. б. / 45.12000; 80.63000 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°07′12″ с. е. 80°37′48″ ш. б. / 45.12000° с. е. 80.63000° ш. б. / 45.12000; 80.63000 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақЖетісу облысы
Авсюк мұздығы
Авсюк мұздығы (Жетісу облысы)
Авсюк мұздығы

АвсюкЖетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Көкжалбас сілемінің шығысы мен Сарқант сілемінің батысы аралығында орналасқан мұздық етегі. Ақшығанақ өзенінің бастауы болып саналады. Мұздық туралы алғашқы ғылыми еңбек 1929-1932 жылдары жазылған. Авсюк мұздығын зерттеумен 1957 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының География институты айналысады. 1957 жылы көрнекті ғалым Г.А.Авсюктің есімімен аталған.

Аумағы

Ұзындығы 4,7 км, жалпы аумағы 5,0 км2. 1960-1990 жылдары аралығында мұздықтың ұзындығы 0,1 км-ге қысқарды. Ауданы 0,8 км2-ге, ашық жері 1,3 км2-ге кеміді. Орташа қалыңдығы 70 м-ге, көлемі 0,3 км3-ге дейін азайды. Мұздық басталатын жотаның ең биік жері 4262 м, фирн (мұзқар) алаңының ауданы 2,0 км2. Мұздық тілін бүйірлік мореналар көмкеріп жатыр. Моренамен көмкерілген бөлігі 3170 м-ге дейін төмендеген.

Жоғары