| Адай ата | ||
| Лауазымы | ||
|---|---|---|
| ||
| 1435 — 1449 | ||
| Өмірбаяны | ||
| Діні | Ислам | |
| Дүниеге келуі | 15 ғасыр | |
| Әкесі | Елтай | |
| Анасы | Қанбибі | |
| Жұбайы | Жанар | |
| Балалары | Құдайке Келімберді | |
| өңдеу | ||
Адай ата — қазақ халқының қалыптасуында көрнекті рөл атқарған тарихи тұлға. Шежіре бойынша сегіз арыс адай елі осы Адай атадан тарайды.
Өмірбаяны
Адай бабаның тарих аясына шығуы 15-ші ғасырдың орта тұсы. Ол кенже немересі Мұңалдың қолында бақилық болған. Адайлардың Мұңалды қарашаңырақ иесі, киелі босаға, құт-береке дарыған «Мұңал ошақ» деп ерекше атайтыны да осыдан. «Мұңал ошағы» Қазығұрт тауының оңтүстігінде, білетіндер оны қасиетті қараорын деп кие тұтады.
Адайлардың ең көп тараған іргелі аталарының бірі – Қосай. Қосай ата Қарақалпақстанда, Нүкістің шығысы Назархан-Бестөбе қауымына жерленген. Жазушы Әбіш Кекілбайұлы Адайдың 1435–1449 жылдары 14 жыл хандық құрғанын жазады. Бұл тарихи деректі И.Трофимов пен Әнес Сарай нақтылай түседі.
Отбасы
Адай бабаның жұбайы Жанар – Қарақалпақ Жантаза байдың қызы деп айтылады. Құдайке мен Келімберді осы Жанардан туады. Адай тегі туралы деректемелерде шежірешілердің қай-қайсысы да Адайдың әкесі Елтай, шешесі Қанбибі екенін мойындайды.
Естелік
2007 жылы тарихи тұлға, рулы елдің атасы саналатын Адай атаға үлкен ас беріліп, ескерткіш орнатылды.
Әдебиеттер
- Құлбайұлы Ы., Алтынды орда қонған жер, Ақтөбе, 1994;
- Маданов Х., Кіші жүздің шежіресі, А., 1994;
- Маңғыстау. Энциклопедия, А., 1997;
- Әбішұлы С., Өмір өрнектері, А., 2002.
- Алфавит бойынша тұлғалар