Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Өзен алабы — жер беті және жер асты арқылы (топырақ және тау жыныстар қабаттары арқылы) жалпы су ағындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын, өз

Өзен алабы

  • Басты бет
  • Өзен алабы

Өзен алабы — жер беті және жер асты арқылы (топырақ және тау жыныстар қабаттары арқылы) жалпы су ағындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын, өзенге су жиналатын жер бетінің белгілі бір аймағы.

Өзен

Мазмұны

Толығырақ

Өзен алабы:

  • ағынды;
  • тұйық.

Кейде “су жиналатын алап” деп те аталады. Әрбір өзен алабы жер беті және жер асты (топырақ, тау жыныстар қабаттары) арқылы су жиналатын алаптарға бөлінеді. Әрбір өзеннің су жиналу алабы басқа өзеннен суайырық арқылы бөлінеді. Өзен алабы өзінің ауданы, биіктік белдемі мен таралуы, орташа биіктігі, ені, еңістігі арқылы сипатталады. Өзен алабы ағынды және тұйық болып ажыратылады. Басқа өзен жүйесімен, мұхиттармен байланыспайтын өзен алабы тұйық алапқа жатады (Каспий, Арал теңіздеріне құятын өзендер). Өзен алабының пішіні, мөлшері, географиялық орны, жер бедері геологиялық құрылысына байланысты әр түрлі болып келеді. Ең ірі өзен алабы Оңтүстік Америкадағы Амазон алабы (ауданы 7,2 млн. км²). Қазақстандағы ірі өзендердің өзен алабының ауданы Ертісте 1643 мың км², Сырдарияда – 462 мың км², Жайықта – 237 мың км², Іле өзенінде 140 мың км².

Өзен алабының су беру мүмкіндігі

Өзен алабының су беру мүмкіндігі (Водоотдача речного бассейна) — белгілі бір уақыттағы өзен алабының су беру көлемі. Ол — алқаптағы жиналған судың белгілі уақытта жерге сіңгеннен кейінгі қалған айырмасына тең болады (тәуліктік, онкүндік және т.б. болып бөлінеді).

Өзен алабы

Өзен алабының ұзындығы (км) — өзеннің сағасынан алаптың ең шалғай нүктесіне дейіңгі түзу қашықтық.

Тағы қараңыз

  • Өзен;
  • Өзен аңғары;
  • Өзен жүйесі;
  • Өзен бастауы;
  • Өзен сағасы;
  • Өзен еңістігі;
  • Өзен желісі;
  • Өзен жүйесі;
  • Өзен иректілігі;
  • Өзен ирелеңі;
  • Өзен көлігі;
  • Өзен суының тартылуы;
  • Өзен эрозиясы;
  • Өзендердің бөлінуі;
  • Өзендердің қоректенуі;
  • Өзенді ілестіру;
  • Өзеннің бас жары;
  • Өзен жайылмасы;
  • Өзен аралығы.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 13, 2026

    Орбұлақ шайқасы

  • Наурыз 12, 2026

    Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов

  • Наурыз 22, 2026

    Эритроциттер

  • Сәуір 03, 2026

    Абылай Онданұлы

  • Сәуір 03, 2026

    Қалмақ тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары