Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Азот қышқылы, HNO3 — тұншықтырғыш, иісі бар, түссіз, сұйық зат. Таза күйінде тығыздық 1,51 г/см3. Ол — 42oС-та мөлдір кристалға айналып қатады. Ауада су буымен

Азот қышқылы

  • Басты бет
  • Азот қышқылы

Азот қышқылы, HNO3 — тұншықтырғыш, иісі бар, түссіз, сұйық зат. Таза күйінде тығыздық 1,51 г/см3. Ол — 42oС-та мөлдір кристалға айналып қатады. Ауада су буымен майда тамшылар түзеп “түтіндейді”. Азот қышқылы жарық әсерінен біртіндеп ыдырайды: 4HNO3=4NO2+O2+2H2O. Бөлініп шыққан азоттың қос тотығы қышқылда еріп, оны қоңыр түске бояйды. Азот қышқылы аса өткір қышқыл, қуаты жоғары тотықтырғыш. Сұйытылған ерітіндісінде ол толық Н+ және NO3— иондарына ыдырайды. Көптеген металл еместер азот қышқылында өзіне тиісті қышқылдар түзгенше тотығады. Мысалы: күкірт азот қышқылмен қосып қайнатқан кезде күкірт қышқылына айналады. Азот қышқылы алтын, платина, тантал, родий, иридийден басқа металдардың бәрімен әрекеттесіп, олардың нитраттарын немесе оксидтерін түзеді. 1 көлем азот және 3-4 көлем тұз қышқылынан тұратын қоспа “патша арағы” деп аталады. “Патша арағы” азот қышқылымен әрекеттеспейтін металдардың кейбіреуін, соның ішінде алтын мен платинаны да ерітеді. Азот қышқылы азот тыңайтқыштарын, қопарылғыш заттар, бояулар тағы басқа заттар алу үшін қолданылады. Азот қышқылының тұздары — нитраттар да суда жақсы ериді. Өндірісте азот қышқылын аммиакты оттегінің қатысуымен толықтыру арқылы алады.

Кейде азот оксиді (NO3) ауада түзіліп, сумен араласа, азот қышқылы жамбырға айналады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 24, 2026

    Консументтер

  • Сәуір 06, 2026

    Панама каналы

  • Наурыз 21, 2026

    Азот

  • Сәуір 05, 2026

    Қазмедиа орталығы

  • Сәуір 08, 2026

    Шағырлы (өзен)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары