Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Семей губерниясы - 1920-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 жылдан - Қазақ) АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы – Семей қаласы.

Семей губерниясы

  • Басты бет
  • Семей губерниясы

Семей губерниясы - 1920-1928 жылдары болған Қырғыз (1925 жылдан - Қазақ) АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы – Семей қаласы.

Губерния
Семей губерниясы
Әкімшілігі
Ел

 КСРО

Кіреді

Қырғыз АСКР
Қазақ АКСР

Әкімшілік орталығы

Семей

Партия губкомның бірінші хатшысы

Н. И. Ежов (1923—1924)

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1920

Таратылған уақыты

1928

Жер аумағы

536,6 мың км²

Тұрғындары
Тұрғыны

1309,9 мың адам (1926)

Ұлттық құрамы

көпұлтты

Ресми тілдері

қазақ, орыс

Ресми түрде Семей губерниясы 1920 жылы Семей облысының бір бөлігінен құрылды. Іс жүзінде Семей облысы 1918 жылы губерния болып өзгертілді. Алғашында ол мына уездерге бөлінді:

  • Өскемен уезі. Орталығы – Өскемен қаласы.
  • Семей уезі. Орталығы – Семей қаласы.
  • Зайсан уезі. Орталығы – Зайсан қаласы.
  • Қарқаралы уезі. Орталығы – Қарқаралы қаласы.

1921 жылы орталығы Үлкен Нарым ауылында болған Бұқтырма уезі (Алтай губерниясынан) және орталығы Павлодар қаласында болған Павлодар уезі (Омбы губерниясынан) губернияға берілді.

1928 жылы 17 қаңтарда губерния таратылды. Оның аумағы Ақмола, Қарқаралы, Павлодар, Семей және Сырдария округтары арасында бөлінді.

1926 жылғы санақ бойынша губернияда 1309,9 мың адам тұрған. Соның ішінде қазақтар - 54,6%; орыстар - 30,4%; украиндар - 10,7%; татарлар - 1,4%.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Алтай (қала)

  • Наурыз 22, 2026

    Жетіқарақшы

  • Наурыз 18, 2026

    Дулат Исабеков

  • Наурыз 15, 2026

    Қазақ хандығының құрылуы

  • Наурыз 14, 2026

    Қытай тарихы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары