Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

50°04′37″ с. е. 58°17′04″ ш. б. / 50.07694° с. е. 58.28444° ш. б. / 50.07694; 58.28444 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°04′37″ с. е. 58°17′04″ ш. б. / 50.07694° с. е

Алға ауданы

  • Басты бет
  • Алға ауданы

Алға ауданы – Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс.

Қазақстан ауданы
Алға ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Ақтөбе облысы

Аудан орталығы

Алға

Ауылдық округтер саны

12

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

29

Қала саны

1

Әкімі

Асланбек Серікұлы Шүйіншалиев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Алға қаласы, 5-шағын аудан, №4

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°04′37″ с. е. 58°17′04″ ш. б. / 50.07694° с. е. 58.28444° ш. б. / 50.07694; 58.28444 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°04′37″ с. е. 58°17′04″ ш. б. / 50.07694° с. е. 58.28444° ш. б. / 50.07694; 58.28444 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1933

Жер аумағы

7,5 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

43 355 адам (2023)

Тығыздығы

5,8 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (82,08%), орыстар (9,55%), украиндар (3,74%), немістер (1,02%), татарлар (0,68%), болгарлар (0,65%), молдавандар (0,62%), басқалары (1,66%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

030200-030214

Автомобиль коды

04

Алға ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Алға ауданы

Облыс картасындағы Алға ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Батысында Қобда, солтүстігінде Мәртөк ауданы мен Ақтөбе қаласы, шығысында Хромтау, оңтүстігінде Мұғалжар, Темір аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы – Алға қаласы.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 33186 ▲41154 ▼38120 ▼37921 ▲39229 ▼37004 ▲38578 ▲41142

Тұрғыны 40783 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (80,61%), орыстар (10,15%), украиндар (4,23%), немістер (1,08%), беларустар (0,20%), татарлар (0,78%), басқалары (2,95%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 30 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Ақай ауылдық округі Ақай ауылы 2 ▼705
Алға қалалық әкімдігі Алға қаласы 1 ▲22446
Бесқоспа ауылдық округі Есет батыр Көкіұлы ауылы 2 ▲1666
Бестамақ ауылдық округі Бестамақ ауылы 2 ▲4217
Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы 2 ▼576
Қарағаш ауылдық округі Самбай ауылы 2 ▼1236
Қарақобда ауылдық округі Қарақобда ауылы 3 ▼609
Қарақұдық ауылдық округі Қарақұдық ауылы 3 ▼1503
Маржанбұлақ ауылдық округі Маржанбұлақ ауылы 2 ▲3732
Сарықобда ауылдық округі Сарықобда ауылы 2 ▼776
Тамды ауылдық округі Тамды ауылы 3 ▼2465
Тоқмансай ауылдық округі Қайнар ауылы 3 ▼1224
Үшқұдық ауылдық округі Үшқұдық ауылы 3 ▲1618

Ірі елді мекендері

Атауы Статусы Халқы (2021)
Алға қала ▲22446
Бестамақ ауыл ▲3749
Маржанбұлақ (Прогресс) ауыл ▲3436
Тамды ауыл ▼2079
Есет батыр Көкіұлы (Павловка) ауыл ▲1603
Үшқұдық (Богословка) ауыл ▲1346
Қарақұдық ауыл ▲941
Қайнар (Октябрьское) ауыл ▼736
Самбай ауыл ▼695
Ақай (Ильинка) ауыл ▼590
Нұрбұлақ (Шибаевка) ауыл ▲541

Жер бедері

Алға ауданының жері негізінен қыратты жазық (биіктігі 200 – 400 м). Солтүстік-батысында Тасқоралы тауы (биіктігі 386,7 м), оңтүстік-батысында Бесоба тауы орналасқан (биіктігі 324 м). Олардан басқа Аққұдық, Қарамең, Керуентау, Ақшоқы, Қайқы, Есет, Бесоба, Қаратөбе, Нартау, Тасшоқы таулары бар. Кен қазбаларынан тас көмір, мұнай, фосфорит, құрылыс материалдары, т.б. кездеседі.

Климаты

Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардың орташа температурасы –15 – 16°С, шілдеде 22 – 23°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 – 250 мм шамасында.

Өзендері

Аудан жерінен оңтүстікке қарай Елек, Сарықобда, Қарақобда және олардың салалары Тәңірберген, Талдысай, Батпақты, Сазды, т.б. өзендері ағып өтеді.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң қызғылт қоңыр болып келеді. Өсімдіктерден жусан, бетеге, боз шөптері өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, борсық; тұяқтылардан бөкен, елік; құстардан дуадақ, тырна, бүркіт, қаз, үйрек мекендейді. Ауданда ауыл шаруашылығы (астық) мен мал шаруашылығы (ірі қара, қой, жылқы, шошқа) жақсы дамыған. Минералдық тыңайтқыштар өндіретін Ақтөбе «Нитрохим», «Неохим» химия кәсіпорындары, нан, май зауыттары бар. Орынбор – Ташкент темір жолы, республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау автомобиль жолы аудан аумағынан өтеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Башқұрт тілі

  • Сәуір 06, 2026

    Адам ата

  • Сәуір 06, 2026

    Дәуіт Пайғамбар

  • Сәуір 06, 2026

    Шешендік өнер

  • Наурыз 22, 2026

    Қарым-қатынас

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары