Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Аршалы ауданы – Ақмола облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 5,8 мың км². Аудан орталығы – Аршалы кенті.

Аршалы ауданы

  • Басты бет
  • Аршалы ауданы

Аршалы ауданы – Ақмола облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 5,8 мың км². Аудан орталығы – Аршалы кенті.

Қазақстан ауданы
Аршалы ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Аршалы

Ауылдық округтер саны

12

Кенттік әкімдіктер саны

2

Ауыл саны

32

Әкімі

Достанбек Берікұлы Есжанов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Аршалы кенті, Тәшенов көшесі, №47

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°02′58″ с. е. 73°03′58″ ш. б. / 51.04944° с. е. 73.06611° ш. б. / 51.04944; 73.06611 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°02′58″ с. е. 73°03′58″ ш. б. / 51.04944° с. е. 73.06611° ш. б. / 51.04944; 73.06611 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

5,8 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

24 920 адам (2023)

Тығыздығы

4,3 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (41,55%), орыстар (40,63%), немістер (4,99%), украиндар (4,87%), беларустар (1,68%), татарлар (1,52%), басқалары (4,76%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

020200-020214

Автомобиль коды

03

Аршалы ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Аршалы ауданы

Облыс картасындағы Аршалы ауданы

Мазмұны

Тарихы

Аудан 1928 жылы құрылған. 1939 жылдың қазан айына дейін Қарағанды облысының құрамында болды. 1928 жылы "Коммунист", 1935 жылы "Вишневка" ауданы болып аталды. 1997 жылдан Аршалы ауданы деп аталады.

Географиялық орны және жер бедері

Батысында Целиноград ауданымен және Астана қаласымен, шығысында Ерейментау ауданымен, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында Қарағанды облысының Нұра және Осакаров аудандарымен шектеседі.

Аудан Сарыарқаның орта тұсында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жер бедері абсолюттік биіктігі 600 м аспайтын төбелі-белесті жазық болып келеді. Шығыс жағын Ерейментаудың ұсақ шоқылы оңтүстік сілемдері алып жатыр. Жуантөбе (498 м), Тастөбе (432 м), Түйетөбе (464 м) сияқты төбелер бар.

Климаты

Климаты тым континенттік, қысы суық, ұзақ. Жазы қоңыржай ыстық. Орташа температурасы қаңтарда –17°С, шілдеде 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм.

Су жүйесі

Аудан жерінен Есіл өзені және оның салалары Мойылды, Шортанды, Ақтасты, Беріктал, Жыланды, Сүгір және Қызылмола, Өлеңті өзендері ағады. Олардың біразы жазда құрғап, қарасуға айналып бөлініп қалады. Ірілі-ұсақты тұщы әрі тұзды көлдер көп. Үлкендері: Үлкен және Кіші Сарыоба, Балықтыкөл, Танакөл, Байдалы, Шалқар, Қызылкөл, т.б.

Топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

Аудан жерінде негізінен сортаң қара қоңыр топырақ тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары олардың көбі жыртылған. Құрғақ дала белдеміне тән селеу, бетеге, сұлыбас, кермек, жусан, т.б. өсімдіктер, өзен жайылмаларында, көл жағаларында әр түрлі шөпті шалғындар, шоқы беткейлерінде қайың, көктерек, итмұрын, тобылғы, ұшқат және басқа бұталар өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, борсық, ақ қоян, суыр, ақ тышқан, сарышұнақ, қосаяқ; сулы жерлерде ондатр; қамысты жерінде жабайы шошқа; құстардан шіл, құр, тырна, қаз, үйрек, балықшы, шағала, т.б. мекендейді. Көлдерде алабұға, мөңке, оңғақ, торта, шортан, ақ қайран өседі. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 538,9 мың га, оның 201,8 мың га-сы егістік, 6,5 мың га-сы шабындық, 300,0 мың га-сы жайылымдық жерлер. Аудан жері арқылы Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар темір жол, Астана – Қарағанды автомобиль жолдары өтеді.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 29277 ▼27341 ▲32670 ▼31124 ▲32952 ▼29620 ▼27940 ▼24573

Тұрғындар саны: 27404 адам (2019).

  • ұлттық құрамы: орыстар (41,63%), қазақтар (39,84%), украиндар (5,21%), немістер (5,23%), беларустар (1,72%), татарлар (1,60%), басқалары (4,82%)

Әкімшілік бөлінісі

12 ауылдық округ пен 2 кенттік әкімдікте 32 елді мекен бар:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақбұлақ ауылдық округі 1067 ▼858 80,4 523 ▼417 79,7 544 ▼441 81,1
Анар ауылдық округі 1537 ▼1085 70,6 725 ▼533 73,5 812 ▼552 68
Арнасай ауылдық округі 1430 ▼978 68,4 731 ▼534 73,1 699 ▼444 63,5
Аршалы кенттік әкімдігі 7051 ▲7888 111,9 3395 ▲4085 120,3 3656 ▲3803 104
Бұлақсай ауылдық округі 1469 ▼1026 69,8 726 ▼523 72 743 ▼503 67,7
Бірсуат ауылдық округі 901 ▼618 68,6 459 ▼317 69,1 442 ▼301 68,1
Елтоқ ауылдық округі 1557 ▼1130 72,6 790 ▼591 74,8 767 ▼539 70,3
Жібек жолы ауылдық округі 754 ▼578 76,7 381 ▼308 80,1 373 ▼270 72,4
Жібек жолы кенттік әкімдігі 3873 ▲3945 101,9 1906 ▲2007 105,3 1967 ▼1938 98,5
Ижевск ауылдық округі 1962 ▼1682 85,7 944 ▼819 86,8 1018 ▼863 84,8
Константинов ауылдық округі 2011 ▼1442 71,7 995 ▼727 73,1 1016 ▼715 70,4
Михайлов ауылдық округі 1850 ▼1553 83,9 901 ▼779 86,5 949 ▼774 81,6
Сарыоба ауылдық округі 1469 ▼911 62 730 ▼440 60,3 739 ▼471 63,7
Түрген ауылдық округі 1009 ▼879 87,1 493 ▼438 88,8 516 ▼441 85,5
ЖАЛПЫ САНЫ 27940 ▼24573 87,9 13699 ▼12518 91,4 14241 ▼12055 84,6
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Өндірістік цикл

  • Сәуір 05, 2026

    Албан тілі

  • Наурыз 27, 2026

    Бауыр (орган)

  • Сәуір 04, 2026

    Тіл (айрық)

  • Сәуір 05, 2026

    Тарбағатай жотасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары