Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Арыстан Жантөрин (туған жылы белгісіз — 8 шілде 1855, Елек өзенінің бойы, Суықсу деген жер) — Әбілқайыр ханның шөбересі, Айшуақтың немересі, Жантөре ханның бала

Арыстан Жантөрин

  • Басты бет
  • Арыстан Жантөрин

Арыстан Жантөрин (туған жылы белгісіз — 8 шілде 1855, Елек өзенінің бойы, Суықсу деген жер) — Әбілқайыр ханның шөбересі, Айшуақтың немересі, Жантөре ханның баласы.

Арыстан сұлтан
Лауазымы
Кіші жүздің орта бөлігінің билеуші-сұлтаны
1841 — 1855
Ізашары Жүсіп сұлтан
Ізбасары Мұхамеджан сұлтан
Өмірбаяны
Діні Мұсылман
Дүниеге келуі 1811 (1811)
Қайтыс болуы 1855 (1855)
Династия Төре
Әкесі Жантөре хан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Ресейдің отаршылдық саясатына көмектескен сұлтан.

  • Кіші жүзде хандық билік жойылып (1824), Кіші жүз жері үш территориялық аймаққа (Батыс, Орталық, Шығыс) бөлінгеннен кейін Жантөрин 1841 — 1855 жылы Орталық аймақты биледі.
  • 1836 — 1838 жылғы Кіші жүз қазақтары ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі Махамбет Өтемісұлы 1841 жылы ақталғаннан кейін Жантөриннің бақылауында болады.
  • Жантөрин Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісін басуға да қатысқан. 1853 жылы көтерілісті басуға жазалаушы отрядты бастап шығады. 1855 жылы маусымда үлкен жазалаушы отрядты басқарған Жантөрин көтерілісшілерге қарсы тағы да аттанады. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісшілермен Жантөриннің жазалаушы отряды Елек өзенінің бойында, Суықсу деген жерде кездеседі. Есет Жантөринге елшілер жіберіп, кері қайтуы туралы ұсыныс жасайды. Арадағы келіссөз нәтижесіз болған соң, көтерілісшілер таңсәріде күтпеген жерден Жантөриннің қосынына шабуыл жасап, сұлтанды бірнеше билеушілермен қоса өлтіреді.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 25, 2026

    Преснов ауданы

  • Сәуір 10, 2026

    Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов

  • Сәуір 05, 2026

    Түркі халықтары

  • Наурыз 12, 2026

    Сарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)

  • Сәуір 27, 2026

    Көлсай өзені

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары