Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Арқанкерген оқиғасы - 2012 жылдың 31 мамыр күні Қазақстан Республикасының Алматы облысының Алакөл ауданындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде болған оқиға. "Шығы

Арқанкерген оқиғасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Арқанкерген оқиғасы - 2012 жылдың 31 мамыр күні Қазақстан Республикасының Алматы облысының Алакөл ауданындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде болған оқиға. "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Қазақстан-Қытай шекарасында" "Сары бөктер" заставасында 14 шекарашының және бір қорықшының мәйіті табылды, заставадағы "Арқанкерген" постының ғимараты өртеп жіберілген. Аман қалған 15-нші шекарашы сарбаз Владислав Челах шекара бекетінен 20 шақырым жерде орналасқан қыстаудан табылды. В.Челах тергеу жұмысы барысында басты күдікті ретінде қарастылып, қамауға алынды Оқиға бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Шекара бекеті туралы

Арқанкерген шекара бекеті - Алматы облысының Алакөл ауданындағы "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Қазақстан-Қытай шекарасында" "Сары бөктер" заставасына қарайтын уақытша бекет. Бекет негізінен жазғы уақытта қызмет етіп, қыс күндері бос тұрады. Негізгі мақсаты - жазғы мезгілде шекарадан өтіп, әртүрлі дәрілерге қажетті шөптерді жинайтын ҚХР азаматтарына тосқауыл қою.

Арқанкерген бекетінің негізгі құрамы 15 адамнан тұрады. Соның шінде 1 офицер, 3 келісімшартпен қызмет ететін сарбаз және 11 қатардағы сарбаздар болатын.

Оқиға хронологиясы

31 мамыр күні КазТАГ агенттігі Арқанкерген шекара бекетінде 15 шекарашы сарбаздың өлі денесі табылды деп хабарлады. Бірнеше сағаттан кейін ҰҚК Шекара қызметі 13 сарбаздың өлі денесі табылды деген хабар таратты. Астанада өткен брифинг кезінде Шекара қызметі директорныңы орынбасары Турганбек Стамбеков 13 адамның, соның ішінде көрші егердің өртенген мәйіті табылды деп мәлім етті. ҰҚК Төрағасының орынбасары Госман Амрин егердің денесі өз үйінде табылды деп хабарлады.

5 маусым - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен шекарашылардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.

Тергеу жұмыстары

Сыртқы медиафайлдар
Владислав Челахтың тергеу брысында берен куәлігі.

Шекарашылар тізімі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі «Арқанкерген» бекетінде қызмет еткен 15 шекарашының толық аты-жөнін жариялады.

Аты-жөніТуған жылыҚызметіТуған жері
1.Кереев Алтынбек Құтжанұлы1984уақытша бекеттің бастығы, капитан.Батыс Қазақстан облысы
2.Ақышов Ерлан Ерғалиұлы1988келісімшарт қызметінің кіші сержантыАлматы облысы
3.Ақылбаев Рүстем Бағдатұлы1991келісімшарт қызметінің қатардағы сарбазыАлматы облысы
4.Сәрсембаев Талғат Амангелдіұлы1984келісімшарт қызметінің қатардағы сарбазыАлматы облысы
5.Ағанас Қамбар Асқарұлы1991қатардағы сарбазАқтөбе облысы
6.Әмірғалиев Бекзат Абатұлы1989қатардағы сарбазАтырау облысы
7.Балғабаев Данияр Ғарифоллаұлы1992қатардағы сарбазАтырау облысы
8.Ілиясов Жанат Қанатұлы1992қатардағы сарбазЖамбыл облысы
9.Именов Мейірхан Сағындықұлы1992қатардағы сарбазАтырау облысы
10.Мақсатов Әли Ізтұрғанұлы1992қатардағы сарбазАқтөбе облысы
11.Мұқашев Нұрланбек Қуатбекұлы1991қатардағы сарбазҚарағанды облысы
12.Рей Денис Викторович1993қатардағы сарбазПавлодар облысы
13.Сағынғалиев Жеңіс Дәулетұлы1990қатардағы сарбазАтырау облысы
14.Үсіпәлиев Нұржас Дүйсембайұлы1991қатардағы сарбазЖамбыл облысы
15.Челах Владислав Валерьевич1992қатардағы сарбазҚарағанды облысы

Қоғам реакциясы

14 маусым күні Арқанкерген оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын бақылау комитеті құрылды. Комитет мүшелері:

  • Болат Атабаев – Қоғамдық комитеттің жетекшісі, режиссер
  • Бақыт Түменова – "Аман-саулық" қоғамдық қорының Президенті
  • Марианна Гурина – "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының жетекшісі
  • Зульфия Байсакова – Қазақстан кризистік орталықтар қауымдастығының жетекшісі
  • Георгий Архангельский – "Құқыққорғау ұйымдары қауымдастығы" ЗТҚ атқарушы хатшысы
  • Сергей Уткин – заңгер
  • Евгений Жовтис – заңгер
  • Сергей Дуванов – тәуелсіз журналист
  • Николай Креминиш– КСРО Батыры, ауған соғысының ардагері
Жоғары