Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ассимиляция (лат. assimilatio — ұқсасу, сіңісу, сіңу, т.б.) саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы

Ассимиляция (әлеуметтану)

  • Басты бет
  • Ассимиляция (әлеуметтану)
 Басқа мағыналар үшін Ассимиляция деген бетті қараңыз.

Ассимиляция (лат. assimilatio — ұқсасу, сіңісу, сіңу, т.б.) саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде сол халық құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету құбылысы.

Ассимиляция барысында бір халық өзінен үлкен екінші доминант халыққа сіңіп кетіп, ана тілін, әдет-ғұрпын, дінін, мәдениетін, өзіндік сана-сезімін, т.б. ұлттық ерекшеліктерін жоғалтады. Ассимиляция екі жолмен жүреді: күштеу арқылы немесе табиғи жолмен.

Көптеген елдерде ұлттық езгі және діни қысым жағдайында күштеп А. жасау орын алады. Дәл осындай процесс Аустрия империясында, кейін Аустро-Мажарстанда, патшалық Ресейде жүрді. Ол қазір де кейбір елдерде жалғасып отыр. Мыс., Испания, Грекия т.б. Бұрынғы КСРО мен кейбір социалистік елдерде де мұндай процесс орын алды. Қарамағында ұсақ ұлттар бар бірқатар елдерде Ассимиляция табиғи жолмен жүзеге асты.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    Бердібек Соқпақбаев

  • Наурыз 22, 2026

    Біржан Қожағұлұлы

  • Наурыз 11, 2026

    Қоңырат

  • Наурыз 21, 2026

    Алюминий

  • Наурыз 21, 2026

    Морфология (лингвистика)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары