Бердімұратов Асқар (1949, Атырау облысы). Гурьев политехникалық техникумын (1967), Әзірбайжан мұнай және газ институтын (1975) бітірген. 1977-1983 жылдары — «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінде инженер-технолог, Орталық өндірістік қамтамасыз ету базасында цех бастығы. 1983-1996 жылдары — «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігі, «Маңғыстаумұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы «Жетібаймұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында бас механик. 1997- 2002 жылдары — «ҚазақОйл» Ұлттық мұнай компаниясы жабық акционерлік қоғамында эксперт, аға эксперт, сектор меңгерушісі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы белімінің бас менеджері. 2002-2004 жылдары — «ҚазМұнайГаз»МК» жабық акционерлік қоғамы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімінің бас менеджері. 2004 жылдан «ҚазМұнайГаз» ӨБ»« акционерлік қоғамы механика-энергетика департаменті директорының орынбасары. «Қазақстан мұнайына 100 жыл» медалімен, ҚР Елбасының Алғыс грамотасымен, «ҚазМұнайГаз» МК» жабық акционерлік қоғамының күміс белгісімен марапатталған.
Байұлы тайпасы Адай руы Құнанорыс бөлімінен шыққан.