Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Атбасар ауданында орналасқан жазық солтүстігінде Көкшетау қыратымен, оңтүстігінде Теңіз көлі жазығымен шектеседі.

Атбасар жазығы

  • Басты бет
  • Атбасар жазығы

Атбасар жазығы – Ақмола облысының солтүстік-батысындағы эрозиялық-тектоникалық жазық.

Атбасар жазығы
Сипаттамасы
Теңiз деңгейiнен биіктігі200 м
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық100 км
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық320 км
ӨзендерҚайрақты, Жаман Қайрақты, Жыланды, Жабай, Аршалы, Боқсық
КөлдерҚалмақкөл, Салқынкөл, Жаркөл, Баршын, Ұзынкөл, Балықтыкөл
Орналасуы
51°51′40″ с. е. 68°09′41″ ш. б. / 51.861103° с. е. 68.161473° ш. б. / 51.861103; 68.161473 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°51′40″ с. е. 68°09′41″ ш. б. / 51.861103° с. е. 68.161473° ш. б. / 51.861103; 68.161473 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
Атбасар жазығы
Атбасар жазығы (Ақмола облысы)
Атбасар жазығы
 Басқа мағыналар үшін Атбасар (мағына) деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны

Атбасар ауданында орналасқан жазық солтүстігінде Көкшетау қыратымен, оңтүстігінде Теңіз көлі жазығымен шектеседі.

Жер бедері

Ендік бағытта 320 км-ге, меридиандық бағытта 100 км-ге созылған. Жазықтың кейбір тұстары таяз келген көл қазаншұңқырларымен, төбелер және сай-жыралармен тілімденген.

Климаты

Климаты тым континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы –18°С, шілдеде 19 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм.

Су торабы

Жазық арқылы Есіл өзені және оның салалары – Қайрақты, Жаман Қайрақты, Жыланды, Жабай, Аршалы, Боқсық, Қалқұтан, т.б. ұсақ өзендер ағады. Сонымен қатар бірнеше таяз келген тұзды көлдер (Қалмақкөл, Салқынкөл, Жаркөл, Баршын, Ұзынкөл, Балықтыкөл, т.б.) кездеседі.

Өсімдігі

Жазықтың басым бөлігінде бетеге, боз, айрауық өседі.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 12, 2026

    Сегізаяқ (өлең)

  • Наурыз 11, 2026

    Жеті жарғы

  • Сәуір 03, 2026

    Молярлық көлем

  • Сәуір 02, 2026

    Қоныстану тығыздығы

  • Сәуір 06, 2026

    Еділ өзені

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары