( бетінен бағытталды)
Әділов Байсейіт (1887 жыл, бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі - 1928 жыл, Сарысу ауданы) - қазақтың қоғам қайраткері.
- Ақмоладағы бастауыш училищені
- Омбы мұғалімдер семинариясын бітірген.
- Омбыда, Ақмола уезінде және болысында кеңселерде хатшылық қызмет атқарған. “Ақ Байсейіт” атанып, ел-жұртына беделді болды. Ауыл балаларын мектепке тарту ісінде көп еңбек етті.
- 1917 жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитетінің мүшесі болып сайланды.
- “Жас қазақ” ұйымын құрушылардың бірі.
- 1917 - 1918 жылдар аралығында Ақмолада Кеңес өкіметін орнатуға қатысып, уездік депутаттар Кеңесінің алғашқы құрамына мүше, уездік милиция бастығы болды.
- 1918 жылдың жазы мен күзінде ақгвардияшылар тұтқынға алды.
- 1920 жылы қазанда Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болып сайланды.
- Кейінірек, Кеңес өкіметінің әділетсіз саясатына наразылық білдіргені үшін қызметінен қуылып, тұтқынға алынды.
- Абақтыдан босатылғанымен 1928 жылы желтоқсанда бұрынғы Сырдария округі, Сарысу ауданы ОГПУ жасағында тағы да тұтқындамақ болған әрекеті кезінде қарсылық көрсетіп, оққа ұшты.
Санаттар:
- 1887 жылы туғандар
- Ақмола уезінде туғандар
- 1928 жылы қайтыс болғандар
- Сарысу ауданында қайтыс болғандар
- Қазақстан қоғам қайраткерлері
- Қазақстан Орталық атқару комитетінің мүшелері
- КСРО-да репрессияланғандар
- КСРО-да бұйрықпен атылғандар