Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі, қысқаша атауы — «Baytaq» Жасылдар партиясы — Қазақстандағы жасыл саяси партия, ресми түрде тіркел

Байтақ (партия)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы
Логотипі
Басшысы

Азаматхан Әміртай
(анық емес)

Негізін салушы

Азаматхан Әміртай

Құрылған жылы

24 қыркүйек 2022 (құрылды)
28 қараша 2022 (тіркелді)

Штаб-пәтері

Қабанбай батыр көшесі 74, Астана

Идеологиясы

Жасыл саясат
Аграризм
Тоқаевшыл саясат

Ұраны

Таза ниет, таза әрекет, саясаттағы тазалық!

Мәжілістегі депутат саны
0 / 98 (VIII сайланым)
Сайты

baytaq.kz

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі, қысқаша атауы — «Baytaq» Жасылдар партиясы — Қазақстандағы жасыл саяси партия, ресми түрде тіркелген 7 партияның бірі.

Партия оппозициялық болып есептелмейді. Оның тұңғыш съезінде олар Тоқаев саясатын қолдайтынын мәлімдеді.

Тарихы

Құрылуы және тіркелуі

Партия басшысы Азаматхан Әміртай айтуынша, партияны тіркеу жұмыстары 2015 жылдан бері жүргізіліп келген.

2022 жылдың 24 қыркүйегінде партияның тұңғыш съезі жүргізілді. Оның барысында партия басшылығы және бағыты таңдалды.

2022 жылдың 30 қарашасында партия ресми түрде тіркелген партиялар тізіміне енді. Ол соңғы 20 жылда алғаш рет тіркелген партия болды.

2023 жылғы парламент сайлауы

2023 жылы 20 қаңтарда Байтақ партиясы сол жылғы парламент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.

Партиядан тізім бойынша 20 кандидат ұсынылды, оның ішінде әйелдер квотасы бойынша 4 кандидат, жастар квотасы бойынша – 1 кандидат және мүгедектер квотасы бойынша – 1 кандидат бар.

Партия төрағалығы үшін күрес (2023)

6 мамыр күні Алматыда партияның 3-съезі орын алды. Оның барысында Әміртай өзінің партиядағы мүшелігі мен төрағалығынан айырылды.

2023 жылдың 10 мамырында партия төрағасы Азаматхан Әміртайдың айтқан сөзінше партияны «олигархтар мен бизнесмендер» басып алғысы келеді, және оны сондықтан партия мүшелері тізімінен алып тастаған. Әміртай Алматыда өткен съезді мойындамады.

Алматы мәслихатының депутаты және «Байтақ» партиясының алматылық саяси бюросының төрағасы Бейбіт Әпсенбетов «конференция өткізбей-ақ филиал директорларын тағайындап, партияға қатысы жоқ тұлғалардан саяси бюро құрып жүргеніне сүйеніп оның мүшелігі тоқтатылды» деген.

« Сенімсіз болып, тәртіпті бұзып, партия билігін тартып алмақ болғаны үшін біз оны жай ғана саяси кеңестің шешімімен партиядан шығардық... Партияда жоқ адам оның төрағасы бола алмайды. Біз оны заңға сәйкес лауазымынан айырдық. Енді жақын арада съез өткізіп, жаңа төраға сайлағалы отырмыз... Қазір партияның сайты Әміртаев мырзаға тиесілі, ол сайтпен ойына келгенін істейді. Бірақ біз өз позициямызды Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін, біз одан сайттың барлық кілттерін бізге беруін талап ете аламыз. »
Жоғары