Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Балғожа Жаңбыршыұлы (туған жылы белгісіз, қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданы – 1860, сонда) — қазақ биі, Ыбырай Алтынсариннің атасы. Орта жүздегі қыпшақ т

Балғожа Жаңбыршыұлы

  • Басты бет
  • Балғожа Жаңбыршыұлы

Балғожа Жаңбыршыұлы (туған жылы белгісіз, қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданы – 1860, сонда) — қазақ биі, Ыбырай Алтынсариннің атасы. Орта жүздегі қыпшақ тайпасының Ұзын руынан.

1824 жылы хандық жойылып, Орынбор генерал губернаторлығы үш аға сұлтандыққа бөлініп, әр аға сұлтандық дистанцияларға, дистанциялар бөлімшелерге бөлінген кезде Балғожа Ұзынқыпшақ бөлімшесін басқарған. Балғожа 1839 жылы хорунжий, 1848 жылы жүзбасы (сотник), 1850 жылы старшина әскери лауазымын алған. Ресей өкіметі тарапынан “Ынталылығы үшін” ("За усердие") деген алтын медальмен марапатталған. Сонымен бірге патша өкіметі оған аты жазылған екі тапанша мен қосауыз мылтықты сыйға тартқан. Балғожа Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті басуға қатысты. Оның баласы Алтынсары 1844 жылы көтерілісшілер қолынан қаза тапты. Осыдан соң немересі Ыбырайды өз тәрбиесіне алды. Ыбырай Алтынсарин өзінің 1879 жылы жарық көрген “Қазақ хрестоматиясы” кітабына “Балғожа бидің баласына жазған хаты” деген өлеңді енгізген. Сол өлеңде айтылатын ақыл-өсиеттер Балғожаның сөздері.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Шредингер теңдеуі

  • Сәуір 05, 2026

    Синай түбегі

  • Сәуір 07, 2026

    Тайсойған (құм)

  • Сәуір 09, 2026

    Ауызекі тіл

  • Наурыз 23, 2026

    Ақпарат

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары