Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Балқаш ауданы — Алматы облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1932 жылы құрылған. Аудан орталығы – Бақанас ауылы.

Балқаш ауданы

  • Басты бет
  • Балқаш ауданы

Балқаш ауданы — Алматы облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1932 жылы құрылған. Аудан орталығы – Бақанас ауылы.

Қазақстан ауданы
Балқаш ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Алматы облысы

Аудан орталығы

Бақанас

Ауылдық округтер саны

15

Ауыл саны

28

Әкімі

Азат Үкітайұлы Құтпанбетов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, №64

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°49′19″ с. е. 76°16′04″ ш. б. / 44.82194° с. е. 76.26778° ш. б. / 44.82194; 76.26778 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°49′19″ с. е. 76°16′04″ ш. б. / 44.82194° с. е. 76.26778° ш. б. / 44.82194; 76.26778 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1932

Жер аумағы

37,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

28 816 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (93,16%), орыстар (5,03%), корейлер (0,58%), ұйғырлар (0,43%), немістер (0,23%), қырғыздар (0,13%), басқалары (0,44%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

040300-040318

Автомобиль коды

05

Балқаш ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Балқаш ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері

Солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданымен, батысында Жамбыл облысының Мойынқұм ауданымен, шығысында Жетісу облысының Қаратал, Көксу, Кербұлақ аудандарымен, оңтүстігінде Жамбыл, Іле, Талғар аудандарымен шектеседі.

Аудан жері Жетісу (Жоңғар) Алатауының Малайсары жотасынан Іле бойымен Балқаш көлінің оңтүстік жағалауына дейін созылып жатыр. Солтүстігінде Сарыесікатырау шөлін, батысы мен оңтүстігінде Тауқұм құмды алқабын қамтиды. Жер бедері негізінен жазық. Аудан жеріндегі ең ірі өзен – Іле. Оның тармақтары ескі арналар мен көлшіктер құрай отырып Балқаш көліне құяды.

Климаты, топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың орташа температурасы (–13 – 15°С), шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм. Шөлді қуаң белдемде орналасқан Балқаш ауданының негізгі топырақ жамылғысы – құмдақ және тақырлық топырақтар, өзен арналары мен жайылымдарында шалғынды-сазды топырақ қалыптасқан. Құмды өңірде сексеуіл, тобылғы, жиде, жусан, ши, сораң, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақ бөкен, елік, қабан, ондатр тіршілік етеді. Өзен аңғарлары мен жайылымдарда қырғауыл, құр, тырна, қоқиқаз, бірқазан, т.б. құстар мекендейді. Өзендерде сазан, алабұға, мөңке, шармай бар. Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасында көмір, марганец, уран кендері барланған. Жалпақтас кен орнынан мәрмәр, гранит өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы

Аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығында тәлімі және суғармалы егін шаруашылығы қалыптасқан. Аудандағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің аумағы 1,8 млн. га. Жыртылған жердің (25 мың га) 17 мың га жері игерілген. Оған бидай (7,8 мың га), күріш (8,1 мың га), көкөніс (335 га) және картоп (411 га) егіледі.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 14637 ▲23235 ▲28739 ▼25230 ▲28660 ▲30967 ▼30037 ▼29209

Тұрғындар саны – 30747 (2019).

  • ұлттық құрамы – қазақтар (93,03%), орыстар (5,09%), украиндар (0,09%), немістер (0,29%), қырғыздар (0,10%), корейлер (0,64%), өзбектер (0,07%), ұйғырлар (0,41%), басқалары (0,29%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 28 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақдала ауылдық округі 1761 ▲1911 108,5 892 ▲968 108,5 869 ▲943 108,5
Ақжар ауылдық округі 1024 ▲1051 102,6 523 ▲536 102,5 501 ▲515 102,8
Ақкөл ауылдық округі 1261 ▼1088 86,3 658 ▼565 85,9 603 ▼523 86,7
Бақанас ауылдық округі 5461 ▲6689 122,5 2679 ▲3325 124,1 2782 ▲3364 120,9
Бақбақты ауылдық округі 4048 ▼3961 97,9 2002 ▲2033 101,5 2046 ▼1928 94,2
Балатопар ауылдық округі 1957 ▼1609 82,2 977 ▼827 84,6 980 ▼782 79,8
Береке ауылдық округі 1802 ▼1643 91,2 923 ▼857 92,8 879 ▼786 89,4
Бірлік ауылдық округі 2206 ▼1893 85,8 1098 ▼943 85,9 1108 ▼950 85,7
Желтораңғы ауылдық округі 1761 ▼1519 86,3 900 ▼778 86,4 861 ▼741 86,1
Жиделі ауылдық округі 1530 ▼1348 88,1 784 ▼719 91,7 746 ▼629 84,3
Көктал ауылдық округі 1372 ▼1084 79 710 ▼575 81 662 ▼509 76,9
Қараой ауылдық округі 1998 ▲2025 101,4 1035 ▲1048 101,3 963 ▲977 101,5
Құйған ауылдық округі 1423 ▼1135 79,8 721 ▼579 80,3 702 ▼556 79,2
Миялы ауылдық округі 1128 ▼1089 96,5 581 ▼563 96,9 547 ▼526 96,2
Топар ауылдық округі 1305 ▼1164 89,2 680 ▼613 90,1 625 ▼551 88,2
ЖАЛПЫ САНЫ 30037 ▼29209 97,2 15163 ▼14929 98,5 14874 ▼14280 96
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 14, 2026

    Асық ойыны

  • Сәуір 04, 2026

    Ұйғыр тілі

  • Сәуір 06, 2026

    Шідерті өзені

  • Сәуір 03, 2026

    Талдықорған облысы

  • Наурыз 21, 2026

    Көміртегі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары