
Басқын балық - негізінен, Азов, Қара, Каспий және Жапон теңіздерінде кездесетін салмақтары 7 кг-ға дейін болатын, ұзыңдықтары 40—50 см келетін балықтар. Аталған теңіздерде 7 түрі бар, ал дүние жүзі бойынша тропикалық, субтропикалық теңіздерде 100-ден астам түрлері бар. Кәсіптік маңызы жоғары.