| Баян Жанғалов | |
| |
| Туған күні | 22 шілде 1914 |
|---|---|
| Туған жері |
|
| Қайтыс болған күні | 31 қаңтар 2013 (98 жас) |
| Қайтыс болған жері |
|
| Азаматтығы |
|
| Қызметі | соғыс және еңбек ардагері, кеңестік, қазақстандық саяси және қоғам қайраткері, жазушы |
| Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Жанғалов Баян (1914-2013) – соғыс және еңбек ардагері, кеңестік, қазақстандық саяси және қоғам қайраткері, жазушы, Социалистік Еңбек Ері (1957). 1914 жылы қазіргі Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Жамантұз ауылында туған.
Еңбек жолы
Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан.
- Еңбек жолын Көкшетау қаласындағы орта мектептің 6-сыныбын бітірген соң 15 жасында бастайды.
- Офицерлер курсын, Алматы жоғары партия мектебін (1952) бітірген.
- 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, саяси жетекші болады. Сталинград, Курск, Харьков қалаларын азат ету майданында болып, көрсеткен ерліктері үшін орден, медальдармен марапатталады.
- 1945 – 1951 жылдары - Көкшетау облысы атқару комитетінде нұсқаушы, Красноармейский ауданы партия комитетінде 2-хатшы, Рузаев ауданы атқару комитетінің төрағасы.
- 1952 – 1963 жылдары - Айыртау ауданы партия комитетінің 1-хатшысы.
- 1963-1970 жылдары - Чистополь ауданы партия комитетінің 1-хатшысы.
- 1970 жылдан Зеренді ауданы партия комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарады.
- Қазақстан КП ОК-нің мүшесі (1961 – 1971).
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Марапаттары
- 2 мәрте Ленин ордені
- Еңбек Қызыл Ту ордені
- "Қызыл Жұлдыз ордені
- 1-дәрежелі Отан соғысы ордені
- "За отвагу" медалі
- "За боевые заслуги" медалі
- "За освоение целинных земель" медалі
- "Орақ пен Балға" алтын медалі
- Социалистік Еңбек Ері (1957)
- "Тың жерлерді игергені үшін" медалі
- "Құрмет" ордені
- "Ақмола облысының Құрметті азаматы" атағы
- Халықтар достығы ордені
- "Құрмет белгісі" ордені
- КСРО ХШБК-нің алтын және күміс медальдары
Тағы қараңыз
- Социалистік еңбек ерлері
Санаттар:
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 22 шілдеде туғандар
- 1914 жылы туғандар
- 31 қаңтарда қайтыс болғандар
- 2013 жылы қайтыс болғандар
- Социалистік еңбек ерлері
- Қазақстан қоғам қайраткерлері
