Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бағдат Сәмидинова (5 ақпан, 1954 жылы туған, Меркі ауданы Ақарал ауылы) – әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995). Құрмет (2011), Парасат ордендерінің и

Бағдат Сәмединова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Бағдат Сәмединова
Туған күні

5 ақпан 1954 (1954-02-05)(72 жас)

Туған жері

Меркі ауданыАқарал

Белсенділік жылдары

1976 - осы уақыт

Мемлекет

 Қазақстан

Мамандығы

әнші

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Бағдат Сәмидинова (5 ақпан, 1954 жылы туған, Меркі ауданы Ақарал ауылы) – әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995). Құрмет (2011), Парасат ордендерінің иегері (2020).

Өмірбаяны

  • Батыр Сыпатай атындағы мектепті бітірген.
  • Алматыдағы эстрада студиясын (халық артисі, профессор Н.Шәріпованың класы бойынша) бітірген (1975)
  • әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1989).
  • 1976 жылдан Қазақконцертте әнші.

Жетістіктері

  • 1981 жылы республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды
  • Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өткен А.Малдыбаев атындағы халықаралық өнер жарысының жеңімпазы.
  • «Сазген» ансамблінің құрамында Италияда өткен фольклорлық фестивальдың Гран-при жүлдесін жеңіп алған. Сәмидинова концерттік бағдарламамен әлемнің көптеген елдерінде болып келеді.

Марапаттары

  • 2011 жылы президент жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған.
  • 2020 жылы президент жарлығымен "Парасат " орденімен марапатталған.
Жоғары