Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бейорганикалық қосылыстар (бейорганикалық қосылыстар, бейорганикалық заттар) — химиялық элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған

Бейорганикалық заттар

  • Басты бет
  • Бейорганикалық заттар

Бейорганикалық қосылыстар (бейорганикалық қосылыстар, бейорганикалық заттар) — химиялық элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары, яғни органикалық және полимерлік қосылыстар кірмейді.

Мазмұны

Атом құрылысына қарай жіктелу

Қазіргі химия ғылымы атом құрылысына қарай гомоатомды және гетероатомды болып бөлінеді. Гомоатомды атомдық құрылысқа бір ғана химиялық элемент атомдарынан құралатын элементтік немесе жай заттар жатады. Жай заттардың қасиеттері оның құрамын түзетін элемент атомының қасиеттеріне сәйкес келеді.

Барлық элементтер түзетін жай заттар екіге бөлінеді:

  • Металдар (электрон беруге бейім)
  • Бейметалдар (электрон қосып алуға бейім)

Олардың арасында екі жақты қасиетті амфотерлік заттар бар.

Жай заттардың физикалық қасиеттері

  • термодинамикалық (атомдану энергиясы, энтропия, энтальпия, фазалық өзгеру температурасы т.б.)
  • кристалхимиялық (құрылымы, аллотропиясы т.б.)
  • физика-механикалық (қаттылығы, сызықтық және көлемдік ұлғаюы т.б.)
  • электрфиз (электр өткізгіштігі, концентраттануы т.б.)
  • оптикалық, магниттік т.б. қасиеттері жатады.

Жай заттардың химиялық қасиеті

Жай заттардың химиялық қасиеттері олардың тотықсыздандырғыштық яғни бейметалдық қасиеттеріне байланысты.

Бинарлы қосылыстар – екі түрлі элементтен тұрады.

Олар құрамына байланысты кластарға жіктелуі

  • Галогенидтер — Галоген қосылыстары (F, Cl, Br, I)
  • Оксидтер — Оттек қосылыстары (O)
  • Халькогенидтер — Күкірт тектес элемент қосылыстары (S, Se, Te)
  • Пниктогенидтер — Азот тектес элемент қосылыстары (N, P, As)
  • Гидридтер — Сутек қосылыстары (H)
  • Карбидтер — Көміртек қосылыстары (C)
  • Силицидтер — Кремний қосылыстары (Si)
  • Боридтер — Бор қосылыстары (B)

Атау түбірі анион түзуші элементтің атауына -ид жалғауы арқылы жасалады.

Екі элемент байланысып бірнеше бинарлы қосылыстар бере алады. Мысалы, азот оттекпен қосылып 5 түрлі оксид береді. Олардың (дальтонидтер) құрамы тұрақты, құрылымы молекулалық болып келеді. Бинарлы қосылыстардың ішінде құрамы тұрақсыз, өзгермелілері де кездеседі (бертоллидтер).

Бинарлы қосылыстар бөлінуі

  • Ионды (тұзтектес)
  • Ковалентті
  • Металл тектес (мысалы, қола, жез)

Олардың қатарына интерметалдық қосылыстар да жатады (мысалы, мыстың құймалары — қола, жез).

Бинарлы қосылыстардың өзара әрекеттесуінен күрделі атомдық құрылыс шығады. Олардың құрамына үш не одан да көп элементтер енеді.

Күрделі заттардың бөлінуі

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Әлем тілдері

  • Наурыз 21, 2026

    Химиялық элементтер

  • Сәуір 02, 2026

    Хорезмшах мемлекеті

  • Сәуір 02, 2026

    1939 жыл

  • Сәуір 03, 2026

    Наурыз көже

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары