Шаруа қожалығы– заңды тұлға құқығына ие дербес шаруашылық жүргізуші субъект түріндегі ерікті кәсіпкерлік нысаны. Мұндай шаруашылықты жеке азамат, оның отбасы немесе ауылшаруашылық өнімін өндіретін, ұқсататын, сататын адамдар тобы құрады.
Өз иелігінде (соның ішінде, жалға алған) бар меншік немесе жер учаскесін өмір бойы мұраға алған мүлікті пайдалану негізінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу және сатуды жүзеге асыратын жеке азамат, отбасы немесе адамдар тобы түрінде ұсынылған дербес шаруашылық субъектісі.
Санаттар:
- Құқық
- Заң