Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

[[Джек Маркелл]]"},"Есімі":{"wt":"Бо Байден"},"Шынайы есімі":{"wt":"{{Lang-en|Beau Biden}}"},"Суреті":{"wt":"BeauBiden-DOJ2013 (cropped).jpg"},"Титулы":{"wt":"[

Бо Байден

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бо Байден
ағылш. Beau Biden
Бо Байден
Лауазымы
Ту
Ту
Делавэр штатының 44-бас прокуроры
Ту
Ту
2 қаңтар 2007  6 қаңтар 2015
Губернатор Рут Энн Миннер
Джек Маркелл
Ізашары Карл Данберг
Ізбасары Мэттью Дэнн
Өмірбаяны
Партиясы Демократиялық партия
Білімі 1.Пенсильвания университеті
2.Сиракьюсс университеті
Діні Католик шіркеуі
Дүниеге келуі 3 ақпан 1969 (1969-02-03)
Уилмингтон, Делавэр, АҚШ
Қайтыс болуы 30 мамыр 2015 (2015-05-30)(46 жас)
Бетесда, Мэриленд, АҚШ
Жерленді Брендиуинд Әулие Джозеф шіркеуі
Династия Джо Байден жанұясы
Әкесі Джо Байден
Анасы Нейлия Байден
Жұбайы Халли Оливер Байден (некеде 2002-)
Балалары Натали (2004 ж.т.)
II Роберт (2006 ж.т.)
Әскери қызметі
Әскер түрі АҚШ әскері
Атағы Майор
Шайқасы Ирак шайқасы
Жұмыс істеген орны АҚШ Әділет министрлігі

III Джозеф Робинетт (Бо) Байден (ағылш. Joseph Robinette «Beau» Biden III; 3 ақпан 1969 жыл, Уилмингтон, Делавэр - 2015 жылғы 30 мамыр, Бетезда, Мэриленд) — американдық заңгер, мемлекеттік қызметкер және демократиялық саясаткер, АҚШ 46-президенті Джо Байденнің ұлы. Делавэр штатының бас прокуроры (2007-2015).

Өмірбаяны

Бо Байден — америкалық саясаткер Джо Байден мен оның бірінші жұбайы Нейлия Хантердің тұңғыш баласы. 1972 жылы анасы мен қарындасы жол-көлік апатынан қаза тапты. Бо мен оның інісі Хантер аман қалғанымен, Бо ауыр жарақат алды. Ол Пенсильвания университеті мен Сиракьюс университетінің заң колледжінде заңгер мамандығы бойынша білім алды. 1995–2004 жылдары Америка Құрама Штаттарының Әділет министрлігінде заңгер болып қызмет атқарды. 2004 жылы Bifferato, Gentilotti, Biden & Balick заң фирмасының серіктесі болды. Сонымен қатар Саясатты дамыту басқармасында уақытша кеңесші әрі АҚШ прокуроры кеңсесінде прокурор қызметін атқарды. 2003 жылы үйленді. Ерлі-зайыптылардың бір қызы мен бір ұлы дүниеге келді. 2006 жылы Делавэр штатының бас прокуроры болып сайланып, 2007 жылғы қаңтарда қызметіне кірісті. Бұл лауазымда 2015 жылға дейін болды. 2003 жылдан бастап Делавэр штатының Ұлттық гвардиясы қатарында қызмет етті. 2008–2009 жылдары Иракта әскери борышын өтеді. Қайтыс болған кезде майор әскери атағына ие болды. 2015 жылғы 30 мамырда Бо Байден ми қатерлі ісігінен (глиобластомадан) қайтыс болды. 2015 жылғы 6 маусымда Әулие Антоний рим-католик шіркеуінде қоштасу рәсімі өтті. Ол Әулие Джозеф зиратында жерленді.

Жоғары