Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тотығу дәрежесі, тотығу саны – химиялық қосылысты ион түрінде болады деп шартты түрде қарастырғанда әр атомда болатын шартты зарядтың сан шамасы. Бұл ұғым молек

Тотығу дәрежесі

  • Басты бет
  • Тотығу дәрежесі

Тотығу дәрежесі, тотығу саны – химиялық қосылысты ион түрінде болады деп шартты түрде қарастырғанда әр атомда болатын шартты зарядтың сан шамасы. Бұл ұғым молекуладағы атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады. Кез келген қосылысты ионды қосылыс деп қарастыруға болмайтындықтан, Тотығу дәрежесі шартты түрде алынады. Тотығу дәрежесінің оң мәні (+) берген электрон санын, ал теріс мәні (-) қосып алған электрон санын көрсетеді. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілегенде алдымен таңбасы, содан соң сандық мәні жазылады. Мысалы, Mn+7, S+6, S-2, Cl+5, O-2, H+1, т.с.с.

Химияда тотығу дәрежесі ұғымы тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін, бейорганикалық қосылыстардың классификациясын құруда, т.б. пайдаланылады. Тотығу дәрежесінің мәні валенттілікке сәйкес келе бермейді. Мысалы, метандағы (СН4) көміртектің тотығу дәрежесі– 4, метил спиртінде (СН3ОН) – 2, құ-мырсқа альдегидінде (НСНО) – 0, бірақ іс жүзінде жоғарыда аталған қосылыстардың барлығында да көміртек атомы 4 валентті болады. Тотығу дәрежесі ұғымын тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру үшін кеңінен қолданады.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы, 8 том.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Тамыз 23, 2026

    Жануарлар дүниесі

  • Сәуір 23, 2026

    Палау Республикасы

  • Қазан 21, 2026

    Әли әулеті

  • Сәуір 08, 2026

    Сарқан ауданы

  • Мамыр 15, 2026

    Сефеви әулеті

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары